Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24143 материал табылды

Қазақстан • 05 Мамыр, 2020

Министр 3 облыс аумағындағы жолдардың құрылыс барысын тексерді

Қазақстанда 2020 жылы автожолдардың 2600 шақырымында қозғалыс ашылады деп жоспарланып отыр. Мұндай міндетті Министрліктің алдына Үкімет басшысы қойған болатын. Бүгінгі таңда жолдарды салу және қайта жаңарту жұмыстары еліміздің әр өңірінде қарқын алған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 3 облыс аумағындағы  жолдардағы жұмыс барысымен танысып қайтты.  Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Ақмола облысында 720 бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды иеленуге конкурс өткізілген

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыстың орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің кадр қызметі өкілдерінің қатысуымен онлайн-семинар ұйымдастырып, онда персоналды басқару бойынша атқарылған жұмыстың қорытындылары қаралды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 05 Мамыр, 2020

Ғарыштан түсірген суреттер су тасқынының аумағын нақты анықтауға септігін тигізді

Жерді қашықтан зондтау және жер учаскелерін цифрлау жүйесі Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы су басу аумағын жедел анықтауға мүмкіндік берді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда • 05 Мамыр, 2020

Елордада мұқтаждарды қолдау акциясы жалғасуда

Бүгін қалалық еріктілер штабының қолдауымен «Qareket жақсылық жаса» қоғамдық қоры «Орталық Азияның Еуразия» қоры және «Шеврон» компаниясымен бірлесіп қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қоғам • 05 Мамыр, 2020

2020 жылы 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту көзделген - министр

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру мәселелері қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елдегі қазіргі жағдай туралы баяндама жасады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастардың 43% жазылып шықты

Нұр-Сұлтанда коронавирус індетіне шалдыққан науқастардың 43% жазылып шықты. 4 мамырдағы деректерге сәйкес коронавирус инфекциясынан 33 адам сауықты, олардың ішінде 12 ер адам бар. Науқастар 14-15 сәуірден бастап жұқпалы аурулар ауруханасында стационарлық ем алды.

Қазақстан • 05 Мамыр, 2020

Мақтаарал ауданындағы су тасқыны: 31 606 тұрғын эвакуацияланды

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев көршілес Өзбекстанда дамбаның бұзылып, соның салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басуына байланысты жағдайды баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 05 Мамыр, 2020

Фермерлерге 70 млрд теңге көлемінде мемлекеттік көмек көрсетілді

Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды 35 күн ішінде аяқтады, 2 405 фермер жылдық 5% есеппен 70 млрд теңге алды. Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың 95% -ы - шағын және орта бизнес өкілдері. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Білім басқармасы: ҰБТ форматы өзгермейді

Түлектер тестті 11-сынып бағдарламасының төртінші тоқсанындағы сұрақтарсыз тапсырады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қоғам • 05 Мамыр, 2020

Елорда колледждерінің емтихан форматы белгілі болды

Мемлекеттік емтихан мен диплом қорғау онлайн режимде өтеді. Технология білім алушыны экран арқылы бақылап, емтиханды толық видеоға жазуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.