
Абай • 01 Мамыр, 2020
Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысында кешенді іс-шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Соның ішінде Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен облыс мектептері мен колледждерінде «Абайтану» курсы бойынша авторлық өңірлік бағдарлама мен оқу-әдістемелік кешені әзірленіп, материалдық-техникалық базасы жабдықталған «Абайтану» кабинеттерін ашу көзделіп отыр.
Саясат • 01 Мамыр, 2020
Ақылды адамдар оқиғаның алдын алып, уақыттан озып жүреді. Әлемді әбігерге салған тәж-тажал бастала салысымен Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев өзге біраз мемлекеттерден бұрын төтенше жағдайды шұғыл, дер кезінде жасап, Жаратқан ием жомарттықпен сыйлаған кемел ойлы кемеңгерлікпен өте дұрыс шешім қабылдады. Соның нәтижесінде тәж-тажалдың ауыр салдарын айтарлықтай жеңілдетті.
Қазақстан • 01 Мамыр, 2020
Жылдағы дәстүрге сай, 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнінде қазақ халқына ықылас-лебізін білдіретіндер аз емес. Өйтпегенде ше, адамдарды түр-түсіне бөлмей, әлі күнге қонағын құшақ жая қарсы алатын қаракөздеріміз шынымен бұған лайық. Әсіресе мұның маңыздылығы қазіргідей жер жүзінде діни және ұлттық сипаттағы шиеленістер өршіп тұрған уақытта ерекше байқалады.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2020
Сарыарқадағы Саржалын сағынады екен!..
Семейден шығып, солтүстікке – сайын Сарыарқаға бет алғаныңызда жолай кезігетін Қарасудан кейінгі екінші бір іргелі ауыл Саржал деп аталады. Бұл өңір – кешегі Алашорда Үкіметі төрағасының орынбасары болған Халел Ғаббасов, тағы бір Алаш арысы Ахметжан Қозыбағаров, сол заманда Семейде шыға бастаған «Қазақ тілі» газетінің редакторы, ал одан кейінгі жерде «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Egemen Qazaqstan») газеті редакторының орынбасары болып қызмет атқарған Шәймерден Тоқжігітовтің және тағы басқа көптеген қасқалар мен жайсаңдардың кіші отаны.
Қоғам • 01 Мамыр, 2020
Ел бірлігі, ел ынтымағы – баға жетпес құндылық. Осынау құндылығымыз барынша дәріптелер 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні биыл елімізде өзара көмек, қайырымдылық қадамдар жасау бағытында аталып өтпек. Оның басты себебі – елдегі төтенше жағдай режімі.
Руханият • 01 Мамыр, 2020
Бірлік – халқымыздың басты байлығы
Биыл еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өтуде. Сондай-ақ біз 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін де 25-ші рет атап өтеміз. Бұл маңызды екі оқиғаның қатар келуі жай ғана сәйкестік емес, заңдылық. Оның себебі мынада: Мерекенің мәні мен мағынасы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің мәні мен мағынасына толық сәйкес келеді, бұл – жалпыұлттық бірлікті нығайту, этносаралық қатынастардың тұрақтылығы мен үйлесімі, Қазақстан халқының мәдениетаралық үнқатысу мен қоғамдық келісім негізінде бірігуі.
Руханият • 01 Мамыр, 2020
Еліміз үшін 2020 жылдың Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына және Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өту туралы Жарлыққа қол қойылғанына 25 жыл толуына байланысты символдық мәні зор. Бұл оқиғалар бір-бірімен өте тығыз байланысты. Өйткені олар Қазақстанда тұратын барлық этностардың бірлігін, достығын, сенімділігін, өзара құрметін нығайтуға негізделген.
Президент • 01 Мамыр, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке қасиетті жерімізді мекендейтін әр адам үшін аса қымбат.
Экономика • 01 Мамыр, 2020
Азық-түлік қауіпсіздігі: тоқмейілсуге негіз жоқ
Қазір Қазақстан бүкіл әлем елдері сияқты коронавирус пандемиясымен қатар, экономикалық дағдарыс жағдайында тұр. Бұл ауыртпалықтың синергиялық факторы бар. Яғни әр проблема қатар келгенде бір-бірін үдетіп тұрады.
Экономика • 01 Мамыр, 2020
36 млрд теңге жеңілдетілген несие береді
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге жеңілдетілген шағын несие беру үшін 36 млрд теңге қаржы бағыттауды жоспарлап отыр.