Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23527 материал табылды

Президент • 06 Мамыр, 2020

Президент Жарлығымен бірқатар қызметкер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқару кезінде, адам өмiрiн сақтап қалу үшін батылдық пен жанқиярлық көрсеткен,  сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауға елеулі үлес қосқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда • 06 Мамыр, 2020

Биыл елордада жеңілдікпен берілетін 8 мыңнан астам пәтер салынады

  Қала әкімі Алтай Көлгінов Р. Қошқарбаев даңғылы мен Айнакөл (№23-17), Р. Қошқарбаев пен А 104 (жобалық атауы) көшелерінің қиылысында орналасқан бірқатар әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 06 Мамыр, 2020

«Жеңіс» жобасының волонтерлері ардагерлерге карантин кезінде көмек көрсетуде

«Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасының волонтерлері Қазақстанның 35 қаласынан 640 ҰОС ардагері мен тыл еңбеккеріне көмек көрсетті. Жыл соңына дейін барлығы 1500-ден астам ҰОС қатысушылары мен тыл еңбеккерлерін әлеуметтік-тұрмыстық көмекпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Экономика • 06 Мамыр, 2020

ICE Futures: Brent маркалы мұнайдың бағасы 31 доллардан асты

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылғы шілде айындағы жеткізілімдер бойынша 14,12 пайызға өсіп, барреліне 31,04 доллар болды.

Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Асқар Мамин Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды

Премьер-Министр Асқар Мамин Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын тексерді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 06 Мамыр, 2020

Президент Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Білім • 06 Мамыр, 2020

Оқу жылы ойдағыдай аяқталады

Жасыратыны жоқ, қашықтан оқыту жүйесіне байланысты көп сын айтылды. Әсіресе білім берудің бұл үлгісі қолданысқа енбей тұрып сыннан көз ашпады. Көпшілік болған соң алуан пікірдің болатыны анық. Бірақ біз бұл қадамға індеттің таралуына жол бермеу үшін барғанымызды ұмытпауымыз қажет.

Бизнес • 06 Мамыр, 2020

Кәсіпкерлердің көбейгені ұтымды

Кәсіпкер ретінде еліміздің экономикасында қиындықтар болып жатқанын қазірдің өзінде сезініп отырмыз. Бұл алдағы уақыттарда бұдан да қатты білінуі мүмкін. Біздің оқыту орталықтарымыз уақытша жабық тұр. Жазда да тұтынушыларымыз аз болуы мүмкін. Осы алаңдатады.

Қоғам • 06 Мамыр, 2020

Толғамды тұжырым, қарапайым қағида

Оңашалық – ой орманын аралар сәт. Адамзат баласы үшін сынақ мерзімі жұмыр басты пендені сан қиялға жетелейді. Еліміздің бас басылымында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады» атты сұхбатын оқып, көңілге көп ой түйіп отырмыз.

Руханият • 06 Мамыр, 2020

Тау көтерер толағай ұлт болуға жазсын!

Шындығын айту керек, карантин тұсындағы көңіл күйімізді бүгінде керемет дей алмаймыз. Өйткені карантин, біздің аяқ-қолымызды матап, тұсап қойды. Кино, театр, мәдениет саласындағы қыруар жобалар қаңтарылып қалды. Жан айқайымыз жарып шығар саңылау таппай тұр. Бірақ, бәрінен де бас амандық артық, әрине. Бала-шағаның, халықтың бас амандығы артық. Төрт қабырғада Алладан ай жарым уақыт ішінде тілегеніміз осы болды!