Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24102 материал табылды

Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Ералы Тоғжанов Қарағанды облысына іс-сапармен барды

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация жұмыс сапарымен Жезқазған қаласына және Ұлытау ауданына барды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус • 22 Мамыр, 2020

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 7 500-ден асты, өсім қарқыны – 5%

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 363 адам тіркелді.  Індеттің өсім қарқыны – 5%.  

Саясат • 22 Мамыр, 2020

Қолдау – елдігіміздің белгісі

Халқымыз: «Досым деп бірге жүресің, ісің бір түскенде білерсің» дегендей, Түркістан облысының Мақтаарал ауданына кездейсоқ төнген су апатынан зардап шеккен жандарға халқымыз бір атаның баласындай қолдағы барын аямастан беріп жатты.

Қоғам • 22 Мамыр, 2020

Курсанттар оқ атуға машықтанды

Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының төртінші курс курсанттары танктен штаттық артиллериялық оқ ату жаттығуларын орындады. Сабақ институттың оқу орталығы базасында өтті.

Руханият • 22 Мамыр, 2020

Әскері білімдінің әлеуеті зор

Қазақстан Тұңғыш Пре­зидентінің бастамасымен 2017 жылы әскери білім мен ғылымды дамытудың негізгі бағыттарын айқын­дайтын Әскери доктрина мақұлданды. Қарулы Күш­тер әлеуетін күшейту әр­кез қажет десек те, мұ­ның бастапқы қадамы әс­кери ғылымды дамы­ту мен мамандарды жа­ңа­­­ша үлгіде оқытуда жат­­­қан­дығы сөзсіз.

Саясат • 22 Мамыр, 2020

Қуаныш Айтаханов: Басты мақсат – ілгерілеу

Республика Президенті Қ.Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі респуб­ли­калық мемлекеттік комиссия жұ­мысын қорытындылаған отырыста бірқатар маңызды мәселенің түйінін тарқатты.

Руханият • 22 Мамыр, 2020

Зағип жандарға кітап оқып берді

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы көз нұрынан айырылған адамдар үшін тек өмір әйнегі мен білім бұлағы ғана емес, қарым-қатынас орталығы. Кітапханада интернетке қосылған арнайы компьютерлер, нүктелі-бедерлі қаріппен басып шығаратын принтер, сөйлейтін кітап, DAISY сандық негізде дыбыстандырылған ақпарат жүйесіндегі тифлология кабинеті, зағиптардың жазуға арналған құралдарымен жабдықталған. Зағип жандар осындай дыбысталған кітаптардың көмегіне жүгінеді. Сондай-ақ көптеген кітап Луи Брайльдің жүйесі бойынша бедерлі-нүкте әріптерімен дайындалған. Зағип жандар кітаптағы бедерлі нүктелерді саусақ ұшымен сезіну арқылы оқиды.

Абай • 22 Мамыр, 2020

Абайтану – ХХI ғасыр көгінде

(Жалғасы. Басы 97-нөмірде) Абайтану саласында ғылыми-зерт­теу ісімен айналысатын Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер инс­ти­тутының абайтану бөлімі, Абай атын­дағы ұлттық педагогикалық уни­вер­ситетінде ашылған абайтану ғылы­ми-зерттеу орталығы, Әл-Фараби атын­дағы ұлттық университетіндегі абай­тану ғылыми-зерттеу институты және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақ­стан облыстық университетіндегі жаңа­дан ашылған Немат Келімбетов атын­да­ғы гуманитарлық ғылыми-зерттеу инс­ти­ту­тындағы абайтану тобы, т.б. зерттеу орта­лықтары баршылық. Бірақ бұлар бір-бірі­мен байланысы жоқ, не істеп жатқаны беймәлім бытыраңқы күйде келе жатыр. Бытыраған сайын күш бөлінеді. Бағыт-бағдар беруге біреуі де ұмтылмайды.

Тарих • 22 Мамыр, 2020

Бір әулеттің тағдыры

Большевиктердің қисынсыз революциялық қайта құруларының кесірінен ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының әжептәуір бөлігі Қазақстаннан басқа жаққа көшуге мәжбүр болды. Біздің отбасымыз, менің аталарым мен ата-анам осы қасіретті басынан өткізді. Олар Ресеймен шекаралас өңірде тұрғандықтан елдегі заңсыздық пен дүрбелең басылғанша бала-шағасын аман сақтау үшін Сібірге бас сауғалады...

Саясат • 22 Мамыр, 2020

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізудің маңызы неде?

Қай мемлекет болмасын, оның ең әуелі ұлықтайтын тілі – мемлекеттік тілі. Тіл – әлемдік қоғамдастықтағы мемлекеттердің басты белгілерінің бірі әрі ұлт руханиятының алтын қазығы. Сондықтан, мемлекеттік тілдің дамуын жан-жақты қолдау баршамыздың абыройлы міндетіміз деп түсінген абзал. Бұл мәселеге Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та айрықша мән беріп отырғаны белгілі.