06 Сәуір, 2016

«Түнектен оралған есімдер»

822 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
түнектен оралған есімдер-1-кітапЖазушы Бейбіт Қойшыбаев өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында жариялылық пен қайта құру саясаты өріс алған шақта тарихтағы «ақтаңдақтар» жайында қалам тербей бастаған болатын. Ол репрессияға жазаға ұшыраған тарихи тұлғалар тағдырын зерттеп, олардың күрес жолдарын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлді. Зерттеулерін тереңдете келе, жекелеген қайраткерлер туралы деректі кітаптар шығарды. Алаш қозғалысы жайында ауқымды еңбектер жазды. Қаламгер өткен ғасырдағы қазақ азаттық қозғалысының көш басында тұрған, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбанына айналған аяулы ұлдарының өмірі мен қызметі жайында әр жылдары жазған зерттеу еңбектерін «Түнектен оралған есімдер» деген төрт кітапқа топтастырған еді. Аталған кітаптар тоталитаризм дәуірінде ұмыт болған шынайы тарихымыздың көмескі беттерін ашуға жәрдемдеседі. Алаш қозғалысының 100 жылдығына, Әлихан Бөкейханның 150 жыл­дығына, 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай бүкіл азаттық күрескерлерінің рухтарына арналып шығарылған бұл төрт томдықтың «Төрт күлік» атты алғашқы кітабы таяуда Алматыдағы «Рух БГ» баспасынан жарық көрді. түнектен оралған есімдер-2-кКітапқа автордың ұлт көсемі, Алашорда автономия­сы үкіметінің тұңғыш басшысы Әлихан Бөкейхан, Алашорда автономиясының Батыс бөлімшесіндегі үкімет басы Жанша Досмұхаме­дов, Түркістан автономия­сы үкі­метінің басшысы, халықаралық қозғалыс қайраткері Мұстафа Шоқай және Кеңес өкіметі платформасында езілген елді прогреске жеткізуді көздеген қайраткер, қазақтан шыққан тұңғыш кеңестік елші Нәзір Төреқұлов туралы жазған зерттеу мақалалары мен баспасөз өкілдеріне берген сұхбаттары енген. Ал, 30-шы жылдардағы қуғын-сүргінде саяси жазаға ұшыраған тарихи тұлғалар жайында жазылған «Іргетас» атты екінші кітабында қаламгер кеңестік саяси репрессиялар жылдарында жапа шеккен оншақты тұлғаның өмірі мен қызметін арқау еткен. Сондай-ақ, бұл еңбекте автор қазақтар үшін тұңғыш «Әліппе» кітабын жазған ағартушы, ұлттық қозғалыстың оңтүстік өңірдегі белсендісі, ғалым, зерттеуші Қ.Қожықов, А.Байтұрсынов репрессияға ұшырағаннан кейін тіл ғылымы саласындағы жаңа кезеңнің бастауында тұрған ғалым Қ.Жұбанов, «Қазақстан» газетінің редакторы Е.Бұйрин, әскери дәрігер, ұстаз, ғалым, қоғам қайраткері Х.Досмұхамедов, заңгер Ж.Ақбаев, кеңестік қызметкер А.Серғазиев, кеңестік ұранмен ұлтқа қызмет етуге ұмтылған қырғыз азаматы Т.Жанұзақов сынды азаттық күрескерлері туралы тың мәліметтер келтірген. ТҮНЕКТЕН ОРАЛҒАН ЕСІМДЕРДІҢ-3-кітабыҚаламгер жазушы тарихтағы «ақтаңдақтар» жайында 40 жылдан бері қалам тербеп келеді. Ол өзінің осынша уақыттан бергі зерттеушілік қызметі барысында жазған түрлі мақалалары мен сұхбаттарын осы төрт кітапқа жинақтаған. Соның үшінші кітабы – «Үш пері» деп аталады. Мұнда да Қазақ елінің кеңестік тарихында өзіндік ерекше орындары бар Т.Рысқұлов, С.Қожанов, С.Сәдуақасов сынды қайраткерлердің тұлғалық бейнелері арқау болған. Автор аталмыш жинақта осынау танымал тұлғалардың күрескерлік бейнелерін мейлінше жан-жақты зерттеп, біле түсуге талпыныс жасайды. Олардың қазақтың елдік мәселелеріне, ұлттық мүдделеріне қызмет ету жолдарына деген өзіндік көзқарасын білдіреді. Ең бастысы, бүгінгі ұрпақтың тәлім алуы тиіс тұстарына ерекше тоқталады. Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».