06 Сәуір, 2016

Семейдің екі қызы

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
СУПЕРМОДЕЛЬКарденнің коллекциясын көрсетуге қатысты Семей қаласының екі бірдей оқушы қызы айды аспанға бір-ақ шығарып, Мәскеуде өткен жоғары мода апталығында үздіктер қатарынан табылды. Осы сында Динара Баймұратова мен Диана Бақтиярқызы француздың атақты модельері Пьер Карденнің киім үлгілерін киіп көрсететін супермодельдер қатарынан орын алды. Ресей астанасының Қызыл алаң жиегінде орналасқан «Қонақтар ауласы» аумағындағы басты тұғырында өткен ап­талықта 200 елдің өкілдері бақ­тарын сынады. Сол сайыста Семейдің 15 және 16 жастардағы екі оқушы қызы сән үлгілерін көрсететін қыздар арасындағы таңдаулы 20 модельдің қатарына кірді. Жюри мұнда қыздардың модельдік параметрлеріне ғана емес, сонымен қатар олардың табиғи сұлулықтарына да қараған көрінеді. Нәтижесінде көрсетілімде тамаша өнер көрсеткен семейлік қыздар барынша қатаң сынақ өткелегінен сәтті өтіп, Пьер Карденнің өзінің коллекцияларын таныстыру салтанаты төрінен орын алды. Енді олардың алдарында Парижді бағындыру мақсаты тұр. Мұрат АЙТҚОЖА.