06 Сәуір, 2016

Жарыстар жаңғырығы

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақ  күресі. Аста­нада қазақ күресінен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүл­десі үшін «Қа­зақстан барысы» респуб­ликалық турнирінің қалалық іріктеу жарысы өтті. Сайысқа 38 балуан қатысты. Белдесулер күні бойы өтіп, кешке қарай екі ба­луан анықталды. Финалда Айбат Сейтен мен Айтуар Абдулов «Қазақстан барысы» республикалық тур­ниріне жолдама алды. Енді олар бірнеше жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп, халықтың қызығушылығына бөленген турнирге Астана қаласының атынан қатысатын болады. Шахмат. Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу Даби қа­ла­сында Азия кубогы үшін командалық жарыс өтіп жатыр. Бұл сынға Қазақстан құ­ра­масы сапында Ри­нат Жұ­мабаев, Әнуар Есма­ғамбетов, Мұр­тас Қажы­ғалиев, Рус­там Хус­нутдинов, Пётр Кос­тенко, Ди­нара Сәдуа­қа­сова, Жансая Әб­ді­мәлік, Мә­дина Дәулетбаева, Гүл­мира Дәу­летова мен Шол­пан Жы­л­­қайдарова қа­тысуда. Дүйсенбі күні Қазақстан ко­мандасы ұпай саны бойын­ша бірінші орында келе жат­қан Өзбекстанды 3:1 есебімен ұтты. Қазір турнир кестесінде Өзбекстан, Қытай, Вьетнам, Қазақстан, Үндістан бір-бір­лерінің өкшесін басып келе жа­тыр. Ерлер жарысында Үн­­дістан, Қытай, Моңғолия, Иран мен Қазақстан шахматшылары жүлделі орынға таласуда. Каратэ-до. Польшаның Быдгощ қаласында VII әлем чем­пионаты аяқталды. Бұл додада Мөлдір Жаңбырбай мен Нұржан Ақпанбет әлем чемпионы атанды. Қазақстан спортшылары тағы бір жарыста еліміздің намысын қорғап, Әнұранымызды шырқатты. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өт­кен халықаралық Junior Chempionship, USA Open және Ozawa Cup турнирлерінде кара­тэшілеріміз 3 алтын, 6 күміс және 5 қола медальді жеңіп алды. Күрес. Эстонияның Тал­­лин қаласында жастар ара­­сында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтті. Оған 20 елден 1800 спортшы қатысты. Грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали 60 кило салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, 84 килода Бағдат Үсенов қола медальді иеленді. Ал, 74 килода Айдос Мұхан бесінші орыннан көрінді. «Егемен-ақпарат».