06 Сәуір, 2016

Малайзияның «жасыл» технологиялары

326 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
100-851Жақында ЭКСПО-2017 халықаралық ма­ман­дандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Малайзияға сапары болды. Сапар барысында Малайзия Министрлер ка­би­нетінің бас хат­шысы Али Хам­самен, Энергетика, жасыл техно­логиялар және су ресурс­тары министрлігінің бас хатшысы – «ЭКСПО-2017» Малайзия бөлігінің комиссары Лу Джимен, жергілікті ғылыми және іскер топтардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Малайзия үкіметінің ғи­мара­тында өткен кездесуде А.Хам­са мен Р. Жошыбаев екі ел­­дің сауда-инвестициялық және ғы­лым салаларындағы ынты­мақтастығына қатысты өзекті мәселелерді, оның ішінде «жасыл» технологиялар мен «ЭКСПО-2017»-ге малайзиялық турис­терді тарту бағыты бойынша мәселелерді, сондай-ақ, халық­аралық мамандандырылған көр­меге малайзиялық компанияларды кеңінен қатыстыру мүмкіндіктерін талқылады. Бас хатшы Астанада көрменің өтуі технологиялық ағын мен ғы­лыми базаның нығаюына сеп­тігін тигізіп, Қазақстанның халық­аралық сахнадағы беделін артты­руға оң ықпал ететінін атап өтті. Малайзияның Энергетика, «жасыл» технологиялар және су ресурс­тары министрлігіндегі кездесуде Л.Джи Малайзияның биомассадан эко­логиялық таза отын өндіру саласын­дағы соңғы технологиялық талдама­лары мен күн энергетикасындағы шешім­дерін ұсынуға дайындығын және Қа­зақстанда күн панельдері мен олар­дың компоненттерін бірлесіп өндіру мүмкіндігін, сондай-ақ өз елі­нің жаңартылмалы энергия көздері сала­сындағы бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүдделі екендігін хабарлады. Бас хатшының айтуынша, Малайзияда энерготиімді құрылыс пен тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу, «жасыл» көліктерді, оның ішінде қоғамдық көліктерді дамыту салаларында жаңа технологиялар сәтті іске асырылуда. Сапар аясында «SEDA» баламалы энергетика көздерін дамыту бойынша агенттігі, «GreenTech» ғылыми-зерттеу орталығы, «Petronas» мемлекеттік мұ­най-газ компаниясы, «MATRADE» Сырт­қы сауданы дамыту корпорация­сы, «MIDA» инвестицияларды дамыту агенттігі, «МАТТА» Ұлттық турис­тік қауымдастығы және т.б. құры­лым­дар өкілдерінің қатысуымен дөңге­лек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел басын­дағы талқылаулар барысында ЭКСПО-2017 кезеңінде іскер топтар­дың өз қызметтерін таныстыру рәсімін өткізуге жоғары қызығушылығы бар екені атап көрсетіліп, малайзиялық туристік операторлармен ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктері қарастырылды және көрмеге осы елден туристер тарту мәселесі егжей-тегжей сөз болды. Кездесу қорытындысы бойын­ша, «МАТТА» ұлттық туристік қау­ым­­дас­тығымен және «GreenTech» ғы­лыми-зерттеу орталығы мен Ын­ты­мақ­тастық туралы меморандумдарға қол қойылды. «GreenTech-пен» ынтымақтастық Астанада БҰҰ-ның «Жасыл техноло­гиялар» мен инвестициялық жобалар орталығын құру аясында ерекше маңызды болып табылады. Мем­ле­кет-жекеменшік әріптестігі тетігін қол­дану, жобалардың тиімділігін баға­лау мен оны одан әрі «жасыл» технологиялар саласында коммерцияландыру бойынша Малайзия тарапының үлкен тәжірибесі бар екендігін атап өткен жөн. Р.Жошыбаев Малайзияда оқи­тын қазақстандық студенттермен кездесуінде оларды шетелдерде халық­аралық көрмені насихаттауға бел­сенді түрде атсалысуға шақырды. Кездесуден кейін қазақстандық студенттер халықаралық мамандандырылған көрмесін қолдау флэш-мобын өткізді. Сапар нәтижелері бойынша ЭКСПО-2017 комиссары Ма­лай­зия­ның ең ірі және беделді «ASTRO AWANI» те­леарнасының жаңалықтар бағ­­дар­ла­ма­сына сұхбат берді. «Егемен-ақпарат».