06 Сәуір, 2016

27 000 вольттық ток ұрған

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
27 000 вольттықоқушы қыз аман қалды Қостанайда 10-сыныпта оқитын 17 жастағы қызға екі кештің арасында ва­гон­ның үстіне шығу қызық көрініпті. Ол вагонның үстіне көтерілгенде, 27 000 вольттық электр тогы ұрады. Періште қағып, аман қалған қыз құ­лаған жерінде бір сағаттай жатып қалады. Оны кешкісін өзіне бекітілген аймақты аралап жүрген күзетші кездейсоқ тауып алады. Қыз шырылдап жатыр екен. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары зарар шегушіні вагонның үстінен бір жарым сағат дегенде түсіріп алды. «Жедел жәрдеммен» қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. – Электр жарақатының салдарынан қыз денесінің 30 пайызы күйіп қалған. Күйік дендеп кеткендіктен, жағдайы да ауыр, – дейді Қостанай қалалық ауруханасының бас дәрігері Самат Шү­менбаев. Оқушы өзінің вагонға неге шыққанын нақты айта алмайды, «вагонға шығу қызық көрінді», дейді. Дегенмен, өзі де «ит көй­лекпен туған» екен. Әйтпесе, 27 000 вольт соққан адамның тірі қалғаны жоқ. – Вагонның үстінен жасөспірім қыз не көре қояйын деді екен? Онда ток сымының жалаңаштанып қалғанынан хабары болмаған-ау, – дейді Қостанай ірілендірілген дистанциялық жолының инженері Сергей Соломатов. Облыста өткен жылы да осыған ұқсас оқиға орын алған болатын. Шалғышы стансасында мектеп бітірушілер сэлфи жасауға келісіп, астық тиейтін вагонның үстіне шығады. Онда балаларды электр тогы ұрып, қаза болған еді. Абайламаса, ажал кез келген тұстан аузын ашады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан». ҚОСТАНАЙ.