06 Сәуір, 2016

Банкоматты 3 секундта үптеген

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Банкоматұры мен оның әріптесі қолға түсті Алматыда банк терминалының қабырғасын небәрі 3 секундта қақырата ойып, бар соманы дорбаға салып үлгерген жас жігіт қылмыс әлеміндегі рекордтық көрсеткішке қол жеткізді... Алай­да, бұл Гиннестің рекордтар кітабына кіру үшін болған бәсекелестік жарыс емес еді. Қимылына көз ілеспес әккі ұры сондайлық тез қимыл танытқанына қарамастан, дүкеннің қырағы күзетшілерінің құрығына түсті. Полиция да уақытты көп созбай, «рекордшының» дүкен алдында тосып тұрған әріптесінің қолына кісен салды. Енді қылмыскерлер темір тор­дың аржағында 5 жыл жазасын өтейді. Қаладағы барлық терми­нал­дарға иелік жасайтын банк өкіл­дері соңғы екі жылда Алматыда дәл осыған ұқсаған 86 тонаудың болғанын айтады. Күні кеше әлеуметтік же­лі­лерге салынған екі бейне-үзін­діге қатысты Kaspi Bank-тің бас­пасөз орталығы банкомат­тар арқылы жасалған есеп айы­ры­судың клиенттерге, сондай-ақ, терминал иелеріне залалы тимейтіні туралы мәлімдеді. Мәлімдемеде «соңғы аптада бол­ған қарақшылық екі шабуылда 750 мың теңге қолды болды. Алайда, бұл арада клиенттердің есеп айырысу операциясы ұр­лыққа дейін жасалғаны қа­перге алынады. Банк мүлкінің қирауы мен банк шығындарын өтеу, ұсталған ұрыларды жазалау Қазақ­стан Республикасының Заң­дары аясында жүргізілді», – делінген. Соңғы кезде Алматыда әрқилы ұрлық жасау өршіп тұр... Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.