05 Сәуір, 2016

Қысқы Универсиадаға 300 күн қалды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05.04.2016 AST-19 АСТАНА. 5 сәуір. Алматыда өтетін Қысқы Универсиаданың басталуына 300 күн қалды. Бүгін жарысқа тіркелудің алғашқы кезеңі аяқталды. Әзірше дүбірлі додаға 64 ел қатысатынын растады. Ал жалпы жарысқа 2 000-нан астам студент споршылар қатысады деп күтілуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қолда бар деректерге қарағанда, Универсиаданың ресми сайтында жүргізілген аккредитацияның бірінші кезеңінде 64 мемлекеттің студенттік спорт федерациялары өтініштерін жіберген.Олардың арасында Еуропадан 36 ел, Солтүстік және Оңтүстік  Америкадан 5 мемлекет, Азиядан 17 ел, Африкадан 4 елдің спорт федерациялары және Океания елдерінен Австралия мен Жаңа Зеландия бар. Атап айтқанда, келесі жылы Алматыға Германия, Швейцария, Норвегия, Ұлыбритания, Франция, Латвия, Польша, Ресей, Словакия, Италия, Швеция, Грузия, Австрия, Венгрия, Финляндия, Чехия, Түркия, Украина, Испания, Словения, Беларусь, Хорватия, Эстония, Румыния, Македония, Босния және Герцеговина, Болгария, Әзербайжан, Сербия, Литва, Армения, Нидерланды, Бельгия, Португалия, Израиль, Черногория, АҚШ, Канада, Бразилия, Аргентина, Чили, Жапония, Қытай, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Ауғанстан, Қытай Тайпэйі, Түркіменстан, Тайланд, Қырғызстан, Ливан, Сянгань (Қытай), Тәжікстан, БАӘ, Пәкістан, Иран, Непал, Оңтүстік-Африка Республикасы, Уганда, Мадагаскар, Гамбияның студент спортшылары келеді. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: almaty2017.com 05.04.2016 AST-20