05 Сәуір, 2016

Астанада көне жәдігерлердің көрмесі ашылды

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 5 сәуір.  Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Өткен күнгі бейнелердің бүгінгі көрінісі» көрмесінің тұсаукесері өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Көрмеде қалпына келтірілген жәдігерлерді алғашқы болып тамашалағандардың арасында «Қайсар» спорт клубының арбалы спортшылары, еліміздің паралимпиялық құрамасының мүшелері де болды. Бұл шара «Нұр Отан» партиясы – «Бірлік» Астана қалалық филиалының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды. Көне ескерткіштер мен эспонаттардан алған әсер туралы арбамен билеу және үстел теннисі командаларының мүшесі Әбуов Құрманәлі бөлісті. «Мен Ұлттық музейге бірінші рет келіп отырмын. Халқымыздың, Қазақ хандығының тарихы туралы көбірек ақпарат алғанымнан керемет әсер алдым. Бірегей тарихи ескерткіштерді алғаш рет өз көзіммен көрдім. Көрген нәрселердің барлығы да мен үшін үлкен жаңалық болды», деді Құрбанәлі Әбуов. Сонымен қатар, ол қазақстандық археологтар мен қайта қалпына келтіруші ғалымдардың қазақ халқының тарихын зерттеу және насихаттаудағы ерен еңбектері үшін алғысын білдірді. «Ғалым археолог, реставраторларға өз табыстарын жасырып қоймай, халық көрсін деген ниетпен музейге тапсырып жатқандары үшін рахмет айтамын. Олардың еңбектерінің арқасында біз бабаларымыздың ертеде қалай өмір сүргендігі туралы, қандай бұйымдарды қолданғандығы жөнінде ақпарат алдық. Осы тарихи құндылықтарымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу маңызды шаруа екенін ескеруіміз қажет», деді ол. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Мәдениет және спорт министрлігі. 05.04.2016 AST-17