05 Сәуір, 2016

Ауғанстанда лаңкестік әрекеттен 6 адам қаза тапты

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-04-2016 afganistanАСТАНА. 5 сәуір. Ауғанстанның Парван провинциясында лаңкестік әрекеттен 6 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Hama Press агенттігінің хабарлауынша, оқиға Сеягерд аймағындағы мектеп орнына таяу маңда болған. Көпшілік жиналған жерде жанкешті өзін өзі жарып жіберді. Салдарынан тағы да 15 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Дәрігерлер опат болғандардың арасында әйелдер, балалар және құқық қорғау органының қызметкерлері бар екенін айтты. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Лаңкестік әрекетті әзірге ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Алдын ала болжам бойынша, «Талибан» радикалды тобының содырлары болуы мүмкін. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: 24.kz.