05 Сәуір, 2016

Тікұшақ апатынан 5 адам опат болды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-04-2016 helicopterАСТАНА. 5 сәуір. АҚШ-тың Теннесси штатында тікұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Федералды авиация басқармасының хабарлауынша, оқиға Савьер округында, жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30-да болған. Полиция қызметкерлері тікұшақтың жартасқа соғылып, жерге құлаған бетінде өртеніп кеткенін айтты. Тергеу амалдарының қорытындысынан сәйкес, бортта пилот пен туристер болған. Апатқа ұшыраған тікұшақ Smoky Mountain Helicopters кәсіпорнына тиесілі. Компания 1964 жылдан бері туристерге қызмет көрсетіп келген. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: 24.kz.