05 Сәуір, 2016

Зика безгегі Вьетнамға жетті

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-04-2016 zikaАСТАНА. 5 сәуір. Вьетнамда зика безгегін жұқтырған екі адам табылды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Елдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нгуен Тхань Лонгтың айтуынша, қауіпті індетке екі әйел адам шалдыққан. Осы жылдың 26 наурыз күні Нячанга қаласының 64 жастағы тұрғыны, ал 31 наурыз күні Хошимин аймағының 33 жастағы тұрғыны дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Пастер институтының анализ қорытындысы бойынша, зика безгегін жұқтырғандары анықталды. Қазіргі кезде олардың жағдайы бірқалыпты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының хабарлауынша, бұл індет микроцефалиямен, гийена-барре синдромымен және сал ауруына алып келетін сирек кездесетін неврологиялық аурулармен тікелей байланысты. Дене қызуы, тітіркенуі, буын арасындағы жайсыздық, бас аурулары індеттің негізгі белгілері болып есептеледі. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: interfax.ru.