05 Сәуір, 2016

Әлем өзара түсіністікке зәру

325 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
келдибайӨңірде қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген еңбек ардагерлер аз емес. Олар өнегелі өмірімен, елімізге сіңірген еңбегімен құрметке бөленген жандар. Соның бірі Қазақстан Республикасы Бейбітшілік және келісім кеңесінің Ақтөбе облысы бойынша төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Келдібай ЕСПАҒАМБЕТОВ десек қателеспеспіз. Әр кездескен сайын өмірімізге қатысты өзекті мәселелерге өзіндік ой-пікірін, пайымын айқын аңғартатын Келдібай ағамызды әлемде орын алып отырған саяси жағдай жайлы сөзге тартқанбыз. – Келдеке, әлемдегі қазіргі қалыптасқан сая­си жағдайға көзқара­сыңыз қандай? – Мен саясаткер емес­пін. Дегенмен, өмір­де болып жатқан оқи­ға­лар­­ды аңғарып отыруға дағдыланғанмын. Әлемде болып жатқан қаржы дағ­дарысы, қырғи-қабақ текетірестер бейбіт өмір­дің берекесіне салқынын тигізуде. Мемлекеттер арасында кере­ғар келіспеушіліктер болып жатқанын да көріп отырмыз. Мұның бейбіт қатар өмір сүруге кедергісі болары шындық. Со­­ғыс өрті тұтанып кеткен елдер де бар. Қандай да қарулы қақтығыстардың халыққа пайдасы жоқ. Біздің Елбасы­мыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұдайы бейбітшілікті жақтаған даусы анық естіледі. Қай мемлекетке бармасын достық ниетін, бейбіт саясатын ұсы­нады. Тіпті, қырғи-қабақ елдер арасында араағайындық жасап жүр­генін де білеміз. Мен Нұрсұлтан Әбіш­­ұлын осындай ұстанымдары үшін өзгелерден көш ілгері қоямын. Елі­мізде әр алуан дін өкілдерінің басын Астанада әлденеше рет қосуы, Семей полигонындағы сынақтарды тоқтатып, Қазақстанды ядролық қару­сыз елге айналдыруы, соңғы жыл­дардағы экономикалық, кедендік одақтар құруға бастамашы болуы Елбасының тек еліміздегі ғана емес, әлемдегі тұрақтылықтың тұғырын бекітуге деген еңбегі деп бағалау керек. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйы­мының 2010 жылғы Ас­тана саммиті, алда өт­кізілетін ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық көрмесі де осын­дай іргелі ойлардың жемісі деу орынды. – Соғыстың бетін аулақ қылсын, дегенмен, әлемде тынышсыздық орын алып отырғаны жасырын емес қой. – Иә, әлем қазір тынышсыз болып барады. Қарулы қақтығыстардан қашқан босқындар мәселесі өзекті бола түсуде. Діни экстремизм мен терроризмнің белең алуы да қауіп­тендіреді. Жаһандық соғыстың қаупі де жоқ емес. Осының барлығы әлем елдерінің бір ымыраға келуі керектігін алға тартады. Осындай шетін мәселені шешуде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тың идея­лар, тынымсыз істерге ұйытқы болып жұргені біздің бойымызда мақтаныш сезімін ұялатады. Қарулы қақтығыстардың алдын алуға бастамашы болуы, оларды болдырмаудың жолдарын ұсынуы Н.Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі саясаткер екенін айқын аңғартады. Күні кеше Қазақстан мен АҚШ Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обаманың ядролық қауіпсіздік пен таратпау саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме жасауының өзі неге тұрады. Мәлімдемеде «...Тараптар ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығын құру ісіне бірлескен күш-жігер жұмсалып отырғанын қанағаттанушылықпен атап өтті. Орталықта ядролық қаруды таратпау саласында материалдарды қорғау, бақылау және есепке алу тренигтерін, ядролық және басқа радиоактивті материалдардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тренингтерін өткізетін болады. Орталық құрылысы 2015 жылдың аяғында басталды, ол 2016 жылдың аяғына дейін пай­далануға берілетін болады», – деп нақты айтылған. Мұның өзі ядро­лық материалдардың бақылауда ұсталуына септігін тигізетін шара екені сөзсіз. Жалпы, ядролық қарудан бас тартқан Қазақстанның бастамасы қуатты елдердің бәріне де өнеге болуы тиіс. Бұл адамзаттың болашағы үшін қажет ұстаным. Бүгінгі таңда әлем өзара ынтымақ пен бейбіт қатынасқа зәру. Сондықтан әлем жұртшылығының өзара түсіністігі мен татулығы басты мәселе болып табылады. Бұған өркениетті, дамыған, қуатты мемлекеттер ұйытқы болуы керек. Әр мем­лекеттің саясат «көрпесін» өзіне қарай тартқылауы тұрақтылыққа апармасы анық. Әңгімелескен Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.