05 Сәуір, 2016

Депутаттар кітапханамен танысты

399 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ҚР Ұлттық академия­лық кітапханаҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымға сайланған депутаттары Вице-спикер Владимир Божконың  басшылығымен кітапханада басталған «Ашық есік» күніне қатысты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Депутаттарды Аппараттың  ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі Жанна Құрман­ғалиева мен сектор меңгерушісі Қанат Құдайбергенов ақпараттық қорлармен және көрмелермен таныстырды. Әлемде көптеген елдердің парламенттерінің жанынан Ұлт­­­­­тық кітапханалар жасақ­талған. Қазақстан Республикасы Парламентінің жанында да осындай кітапхана құрылған. Оның жалпы кітап қорында 46 мыңнан астам бірлік, оның ішінде 26 мың кітап және 227 мерзімді басылым бар. Кітапхана жұмысында дәстүрлі  әдісімен бірге әртүрлі  жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады. Парламент кітапханасы па­латалардың заң шығару қыз­­­метін қамтамасыз ету мәселелеріне, талқыланатын заң жобаларына, парламенттік тың­дауларға және Парламент өткізетін шара­ларға библио­графиялық және анықтамалық-ақпараттық материалдар дайын­дауға ерекше көңіл бөледі. Пар­ламент палаталарының коми­теттерімен және аппарат­тарының бөлім­дерімен тығыз ын­­ты­мақтастықта жұмыс жасайды. Парламент кітапханасы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі­нің Ақпараттық-талдау орта­лығының құрамдас бөлігі ретінде 1987 жылы құрылды. Орта­лықтың негізгі міндеті елдегі жоғарғы өкілді органның қыз­метін ақпараттық-анықта­малық, талдамалық жəне кітап­ханалық-библиографиялық жа­ғы­нан қам­тамасыз ету болып табылады. Қазіргі уа­қытта кітапхана Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Мəжілісі Ап­паратының ақпараттық-талдау бөлімінің құрамында жұмыс істейді. Парламент кітапханасы Қа­зақстанның көптеген кітап­хана­­ларымен жəне өзге де мем­лекеттік жəне жекеше ақпараттық құрылымдармен тығыз байланыс орнатқан. Кітапхана халықаралық ақ­парат алмасу шеңберінде Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының парламенттік кітапханасымен, Ресей Ғылым академиясының Мемлекет жəне құқық институтымен, Ресей Үкіметі жанындағы Заңнама жəне салыстырмалы құқықтану институтымен ынтымақтасып отыр, сондай-ақ, ол ТМД-ның бірқатар елдерінің парламенттік кітапханаларымен іскерлік байланысқа ие.