05 Сәуір, 2016

Бұзылған құқықтар

364 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Адам құқықтарытолықтай қалпына келтірілуі керек Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесі қоғамды дүрліктірген оқиға – көпбалалы отбасыларды тұрып жатқан үйлерінен шығару фактілерін қараған болатын, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі. Осыған орай, Қаріпбековтер мен Қоржынбековтердің жағдай­ларын ерекше атап өткен жөн, се­бебі, бұл отбасылардың тап болған жағдайларында Мемлекет басшысы Ұлт Жоспары аясында мемлекеттік органдарға сот төрелігін жетілдіру және меншік құқықтарының кепілдіктерін нығайту жөнінде берген тапсырмаларын жүзеге асыруға кедергі жасайтын проблемалар байқалады. 2012 жылы Қарағанды қала­сының әкімдігі Қаріпбековтердің тұрғын үй мәселесін шешу тәр­тібінде оларға  үй берген болатын. Алайда, жергілікті билік аталған отбасыны сол үйге тұрғызу туралы шешім қабылдағанымен, одан кейін үш жыл бойы сол үйде тұру құқығын растайтын тиісті құжаттарды бермеген, ал 2015 жылы тұрып жатқан үйлерінен шы­ғару туралы талаппен сотқа жүгінді. Өз кезегінде, сот шығару туралы шешімді басқа тұрғын үй беру шартымен ғана қабылдады, бұл оны алу құқығын негіздейді. Осы уақытқа дейін Қаріп­бековтердің отбасына баспана беру мәселесі шешілмеген. Сол сияқты Алматы қаласын­дағы Қоржынбаевтардың қайғысы да қоғам назарына ілікті. Бұл от­басы 2010 жылы белгіленген тәртіппен тұрғын үй сатып ал­ған. Олардың меншік құқығы мемлекеттік органдарда тиісінше тіркелген еді. Дегенмен, дәл сол жылы сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылды, өйткені, сатушының үйді мұраға заңсыз алғаны белгілі болды, бұл ретте, оның пайдасына қарай шешім шығарған судья дәл сол себеп­ке байланысты қызметінен шыға­рылды. Отбасы өтемақы алмай, үйлерінен айырылып қалу жағдайына тап болды. 2012 жылы Светлана Тұрғымбаева (анасы) өзін өзі өртеп, көз жұмды, ал кейіннен оның жұбайы Зейіш Қоржынбаев та қайтыс болды. Қазіргі кезде дауланып жатқан үйде 9 адам тұрады, оның ішінде кәмелетке толмаған 4 бала бар, осы уақытқа дейін олар­дың бәріне тұрып жатқан үйлерінен шығару қаупі төніп тұр. Қалыптасқан жағдай көпбалалы отбасының құқықтарын бұзуға жол бермеу үшін жергілікті билік органдарының жіті бақылауында болуы тиіс екені сөзсіз. Сірә, келтірілген екі жағдай да жекелеген лауазымды тұлғалардың әрекеттері мен шешімдері салдарынан орын алды. Сонымен бірге, көрсетілген іс-әрекеттердің заңсыз деп танылуы заңды құрметтейтін аза­маттарға зиян тигізбеу керек. Жоғарыда айтылғанның бар­лығы мемлекеттік органдардың бұзылған құқықтарды қалпына кел­тіру үшін жауапкершілігін жой­майды. Бұл жайт азаматтарға олардың шешімдеріне сенім біл­діруге мүмкіндік туғызады. Осы уақытқа дейін жоғарыда көрсетілген жағдайларда азаматтар­дың бұзылған құқықтарын толық­тай қалпына келтіру бойынша жұмыс аяқталмаған. Адам құқықтары жөнінд­егі уәкілдің мекемесі олардың мониторингін жалғастырады.