05 Сәуір, 2016

Өңірлік хабтың өнегелі істері

265 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб пен Экономикалық ы­н­ты­мақтастық және даму ұйы­мы (ЭЫДҰ) арасында ынты­мақтастық туралы ресми хат алмасу рәсімі болды. Ұйым­дар «Кәсіби мемлекеттік қыз­мет тұрақты даму мақ­са­тында: ЭЫДҰ стандарттары мен қағидаттарын хабтың экономикасы қалыптасу үстін­дегі қатысушы елдер арасында пайдалануға қолдау көрсету» атты семинар өткізді. Рәсімнің соңында ЭЫДҰ мемлекеттік басқару және өңірлік даму мәселелері бо­йынша директоры Рольф Аль­тер мен мемлекеттік қыз­мет­ саласындағы өңірлік хаб­ басқарушы комитет төр­аға­­сы Әлихан Байменов ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттер тә­жі­рибесінің хаб қатысушы ел­дер­дің мемлекеттік қыз­метін же­тілдірудегі маңызын атап өтті. Осы күнгі шаралар бары­сында Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитет төр­ағасы Әлихан Байменов пен мемлекеттік басқару бо­йын­­ша Америка қоғамының (ASPA) атқарушы директоры Уильям Шилдс өзара түсініс­тік пен ынтымақтастық тура­лы меморандумға қол қойды. – Бүгін бірқатар ынты­мақ­тастық құжатына қол қой­дық. Экономикалық ын­ты­мақтастық және даму ұйы­мымен ынтымақтастық жөнін­дегі хатпен алмастық. Бұл ұйым әлемдегі ең дамыған 34 мем­лекетті қамтиды. Сон­дық­тан бұл елдердің тәжі­рибесі қай мемлекет үшін болса да маңызды, – деді Әлихан Байменов. Сондай-ақ, Астанада отыздан астам ел өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қыз­­метті жетілдірудегі әріп­тестікті нығайту мәселелерін қараған жиын болды. Оның аясында мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың «Сапалы мемлекеттік қыз­мет мақсатындағы әріп­тестік» атты конференциясы өтті. Жиында Астанадағы мем­лекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы ко­митеті төрағасы Әлихан Бай­менов, БҰҰ тұрақты үй­лес­тірушісі және БҰҰ «Даму» бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомура, Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов және Еуропалық Одақ Қа­зақ­­стандағы өкілдігінің бас­шысы Траян Христеа сөз сөй­леді. Конференция жұ­мысына 30-дан астам ел өкілдері, оның ішінде мемлекеттік бас­қару бойынша америкалық қо­ғамдастық (АSPA) атқару­шы директоры Уильям П.Шилдс, сыбайласқан жем­қор­­лыққа қарсы Еуропа ке­ңе­сі мемлекеттері тобы (ГРЕКО) төрағасы Драго Кош, Син­гапурдағы мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі БҰҰ «Даму» бағдарламасы ға­ламдық орталығының дирек­торы Макс Эверест-Филлипс және Қытай мемлекеттік бас­қару академиясының құрметті профессоры Сон Шимин қа­тысты. Жиын барысында қаты­су­шылар мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша пікірлесіп, тәжірибе алмасты, аймақтық әріптестікті нығайту және сарап­шылар желісін дамыту жолдарын талқылады. Сонымен бірге, өңірлік хабқа мүше ел­дер өкілетті органдардың же­текшілері: Грузия мемлекеттік қызмет бюросы директоры Екатерина Кардава, Украина мемлекеттік қызмет бойынша ұлттық агенттік жетекшісі Костянтин Ващенко, Польша премьер-министрі кеңесшісі Кшиштоф Банас, Моңғолия азаматтық қызмет кеңесі тұрақ­ты өкілі Кхадкху Тогмида, Армения азаматтық кеңес төр­ағасы Манвел Бадалян мем­лекеттік қызметтегі әріптестікті дамыту жөніндегі ойларын ор­таға салды. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан».