05 Сәуір, 2016

Бизнесті трансформациялау – бүгінгі заман талабы

297 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Қазақстан теміржолы АҚ«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-та бизнесті трансформация­лау бағдарламасы жемісті жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде ұлттық компанияның кеңейтілген жиынында айтылды. Шараға теміржолшылар мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев және бірқатар мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Ұлттық компанияда биз­нес­ті транс­­формациялау бағдар­ламасына арналған кеңейтілген жиында компания президенті Асқар Мамин Мем­лекет басшысы салада атқарылуға тиіс міндеттемелерді анық белгілеп бер­генін айтты. «Ол тапсырмалардың ең маңыздысы саладағы бизнесті заман талабына сай трансформациялау болатын. Бұл бағытта «Самұрық-Қазына» мен құрылымның өзге де еншілес компанияларында өткен жылдың көктемінде басталған бизнесті транс­формациялау жұмысын «Қазақ­стан темір жолы» ұлттық компаниясы да бағдарламаға сай нақты жүргізіп келеді. Атқарылған жұмыстар аз емес. Бүгінгі жиында осынау орындалған істің нақты нәтижелерін әңгімелейміз», деді. Бағдарламаны іске асыру барысында ұлттық компанияда әр сала уа­қыт талабына сай жетілдіріліп, әлем­дік компаниялармен интеграциялану үдерісі жүргізілгенін айтып өтті. Сондай-ақ, компанияны басқарудың жаңа жүйелері енгізілгеніне тоқталды. Сөйтіп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өзгерістерін ұйым­дастыру компанияның на­рық­тағы орнын айқындау үшін тап­сырыс берушілер сұранысын қанағаттандыруға ыңғайлануын талап ететінін білдірді. Кеңейтілген отырыста «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бас­қарма төрағасы Ө.Шөкеев әлемдік нарықтағы және технологиялық тү­бегейлі өзгерістер талапқа сай болып, ішкі резервтерді тау­ып, бәсекелестікте қолайлы, оң­тайлы жолдарды қарастыру керектігін атап өтті. «Әлемдік жетекші компаниялардағы ішкі айналым азайды. Нарықта өте қатал бәсекелестік қалыптасты. Теміржол саласында да солай болып отыр», деген ол қордың бизнесті трансформациялау туралы бастамашылығы дер ке­зінде басталып, бұл істе ҚТЖ-ның өте ауқымды жұмыстар атқар­ғандығын атап өтті. Оған қоса, транс­формация үдерісі – бұл теория емес, бұл жұмысты прак­тикалық істермен дәйектей түсу екенін қадап айтты. Компания жаңа операциялық модельге көшудің тиісті әзірлік құжаттарын дайындады. 2015 және 2016 жылдары компания стратегиясы жасақталды. Пайдалы әсер коэффициенті стратегиясы бекітілді. ПӘК бұтағының жай-жапсары мен ИТ жаңа архитектурасы жасалды. «Транзиттік тасымалдағы ба­ла­малы бағдарлардағы бә­секе­лестіктің жоғарылығы тапсырыс берушілердің сұра­ны­сын қанағаттандыру үшін на­рықтағы үдерістерді және технологияларды жаңғыртып, түбегейлі құрылымдық өзгерістерді қажет етеді. Осыған байланысты, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ты трансформациялық құрылымдаудың уақыты келіп отыр», деді А.Мамин. Компания басшысы теміржол саласын мемлекеттік жоспарға бай­ланысты институттық түр­лен­діру мен заңдылық талапта­рына сәй­кестендіріп, қайта құ­ры­лымдау барысы жөнінде де айтты. «Самұрық-Қазына» бекіт­кен 2016 жылғы жол картасына сәйкес, компания өзінің негізгі қызметіндегі өзгерістерді енгізуге кірісті. Бүгінгі таңда, жаңа опе­­рациялық модельге өту үшін тиіс­ті дайындық құжаттары әзірленді. Транс­фор­мациялау аясындағы нақты іске кірісудің ұйымдастыру шараларын бастау қажет. Себебі, ғаламдық эко­номикадағы құрылымдық өз­герістер мен даму үдерісі ком­пания бизнесіндегі өсім көздерін айқындауға ықпал етеді. Компа­ния мультимодальдық және тран­зиттік тасымалдағы сегментін ием­деніп, сонымен қатар, тасымалдау жұмысындағы сапалық көрсеткіш тиімділігін көтеруде», деді А.Мамин. Ұлттық компания басшысы елі­міздегі және әлемдегі жүк тасу үдеріс­теріне тоқталып, бұдан былай күн сайын жаңа қызметке, жаңа талапқа сай жұмыс істеуге әруақыт дайын болу керектігін қадап айтты. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».