05 Сәуір, 2016

Жазасын елімізде өтейді

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Есірткі контрабандасыЕсірткі контрабандасы үшін Қытайда түрлі жаза мер­­зімдеріне сотталған біз­дің елдің екі азаматшасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстанның ҚХР-да­ғы Елшілігінің қолдауымен Бейжің қаласынан Қазақстанға жеткізілді. Қытай тарапының құзырлы органдары сотталғандарды Қазақстанға беру туралы бұл шешімді 2011 жылдың 22 а­қпанындағы Қазақстан Рес­публикасы мен Қытай Халық Рес­публикасы арасындағы шарт­ты іске асыру мақсатында және сотталғандардың өтініштері негізінде қабылдады. Осыған орай Қытай сотының үкімін тану және орындау туралы кепіл негізінде ҚХР құзырлы органдарына Қазақстан сотының тиісті қаулылары жолданды. Ал жеткізілген сотталғандар жазаларының қалған мерзімдерін Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес Қазақстанның түзеу меке­мелерінде өтейтін болады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.