05 Сәуір, 2016

Оқу орындарының гранттары

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оқу орындарының гранттарыалдағы уақыттары жойылуы мүмкін Еліміздегі жоғары оқу орындарында студенттерге тегін білім алу үшін берілетін гранттар жойы­лып, олардың орнын ваучерлер басуы әбден мүмкін. Мұның жайы­н өткен аптада жиын өткізген Білім және ғылым министрі Ерлан Саға­диев баяндап берді. Жиынға Қазақстандағы көп­теген білім мекемелерінің – ұлт­тық, мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Пікір алмасу барысында олар гранттардың бірыңғай болуы керектігіне келісім білдірді. Олар, сондай-ақ, бұл бастаманың 2017 жылдан бастап енгізілгенін қалайтындарын да атап өтті. Министр мұндай тәжірибенің Грузияда біраз жылдардан бері қолданылып жүргенін айтты. Оның ойынша, ректорлардың көпшілігі гранттарды сатылы дамыту жолында грузиндердің тәжірибесіне сүйенгенді дұрыс санайды. Бұл елде гранттардың орнына ваучерлер енгізілген. Ол мемлекеттің студентке ваучер беру жолымен жүргізіледі. Өз кезегінде студент сол арқылы кез келген жоғары оқу орнына түсе алады. Егер оқу ақысы ваучерден қымбат болса, студент жетпеген қаржыны өз қалтасынан төлейді. – Егер студентке жоғары оқу орнының өзі мүдделі болса немесе талапкер олимпиада жеңімпазы, өте дарынды әлде әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шықса, мемлекет көмектесуі мүмкін. Әлде әлем­дік тәжірибеде қалыптасқан жағ­дайға сай жоғары оқу орнының өзі грант бөлу арқылы студентті қабыл­дайды, – деп түсіндіріп өтті министр. Сөз соңында Ерлан Сағадиев бұл оқыту жүйесі толық дайын бол­ғанда талқылауға ұсыны­латы­нын жеткізді. Ернар МҰХАМБЕТ.