05 Сәуір, 2016

Көне вирустың «көріпкелдігі»

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Көне вирусҒалымдар бұдан 1,5 миллион жыл бұрын өмір сүрген тыш­қанның, осы сайыптан келгенде, сондай-ақ, адам балаларының жыныстарын анықтайтын мүм­кіндіктің туғанын мәлімдеп отыр. Йель университетінің оқы­­тушылары мұны сол заман­дардағы сүтқоректілер бойларында сақталып қалған вирустар арқылы анықтауға болатынына көз жеткізіпті. Зерттеушілер хабарлағандай, адам баласы геномдарының 40 пайызы бұдан миллиондаған жыл бұрын кірген вирус­тардың қаңқаларынан құралады. Ол Х-хромосомындағы осы вирус­тар­дың бірінің енді дү­ниеге келгелі тұрған баланың жыны­сын айғақтап беруге де көмектесетінін анықтаған. Осы вирус белсенді болып тұрған кезде ұл балалар мен қыз балалар тең қалыпта туылып тұрған. Ал оны «істен шығара қойса», ұлдардың қатары бірден екі есеге артып кетіп отырған. Әзірге бұл схеманың қан­шалықты нақтылы дәлдік бере алатыны толық анықталып бол­ған жоқ. Дегенмен, адамның Х-хромосомы тәжірибе жасалған тышқандардағы вирустарға толы екен. Бұған қоса, зерттеушілер эмбрионның көмегімен вирус­ты «істен шығару» тәсілін рак жасушаларының кең етек алуының жолын кесу үшін пайдалануға болатынын болжап отыр. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.