05 Сәуір, 2016

Самурайдың семсері

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шекаралық бақылау кезінде қазақстандық шекарашылар сирек заттарды заңсыз алып өтуге тырысатындардың жолын кесіп жатады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі. Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан Қостанай шекара отрядына қарасты «Қайрақ теміржол» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары Астанадан Санкт-Петербург қаласына кетіп бара жатқан азаматқа шекаралық ба­қылау жасағанда оның сөм­кесінен суық қару тапты. Суық қару анау-мынау емес, самурайдың семсері болып шық­ты. Оны 27 жастағы Ресей азаматына достары сыйлаған кө­рінеді. Семсердің ұзындығы жарты метрге жуық, ені – 2,5 см, қа­лың­дығы –  5 мм, қылпылдаған ұс­тара­сының ұзындығы 29 см болып шық­ты. Салмағы 1 100 грамм екен. Шекарашылардың қырағылығы бол­мағанда, бұл жәдігер шекара асып кете барған болар еді. Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды.