04 Сәуір, 2016

Талғат Ермегияевтің ісіне қатысты 14 айыпталушы кінәларын мойындады

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-04-16-ermegiaevАСТАНА. 4 сәуір. Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының қаржыларын талан-таражға салуға қатысты қылмыстық істі қарау барысында 14 айыпталушы өздерінің кінәларын мойындады. Бұл туралы ras.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Еске сала кетейік, бүгін Астана мамандандырылған ауданаралық сотында прокурорлардың аталған қылмыстық іс бойынша сотталушыларды айыптаулары оқылды. «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев өзінің кінәсін мойындамады. «Айыптау маған түсініксіз. Кінәмді мойындамаймын, прокурорлармен және зардап шегушілермен келісімге қол қоймаймын», – деп мәлімдеді ол. Сотта Талғат Ермегияев пен тағы 23 фигурантқа ірі көлемде жемқорлық тәртіп бұзушылығын жасап, мемлекеттің 10 млрд. теңге ақшасын талан-таражға салды деген айып тағылып отыр. Соның ішінде бір Ермегяевтің 4,2 млрд. теңгені жеп кеткені айтылуда Талғат Райымбек. Дерек, фото: ras.kz.