04 Сәуір, 2016

Қарулы Күштерде «Батыр арулар» байқауы өтіп жатыр

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04.04.2016 AST-21АСТАНА. 4 сәуір. «Батыр арулар – 2016» дауыс беру басталды. Байқауға 80 нәзік жан жауынгер қатысып жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Байқаудың алғашқы 3 күнінде 80 әйел әскери қызметшіге 32 мыңға жуық дауыс берілді. Дауыс беру 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz ресми веб-сайтында өтеді. Байқау таза, әділ өту болу үшін әрбір сайтқа кіруші бір ір-адрестен бір-ақ дауыс бере алады. Таңдау оnline режімде өтуде.  Дауыстар автоматты түрде сайттың web-парақшасында көрсетіледі. «Батыр арулар» байқауы Қазақстандағы әйелдердің әскери қызметін жария ету үшін Қорғаныс министрлігінің бастамасымен өтіп жатыр. Былтыр алғаш рет өткен байқауға 123 әйел әскери қызметші қатысқан болатын. Сол кезде кырық күнде конкурсанттарға 255 725 дауыс берілді. Байқау отандастарымыздың арасында ғана емес, шетелде де қызығушылық туғызды. Дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия және Үндістан халқы белсене атсалысты. Нәтижесінде талай сынақтардан сүрінбей өтіп, өздерінің жауынгерлік әзірліктерін, шыдамдылықтары мен күш-жігерлерін дәлелдеген 12 жеңімпаз анықталып, Қазақстан Қарулы Күштерінің лайықты өкілдері екендіктерін дәлелдеді. Байқаудың соңында кәсіби стилистер қыздарды ажарландырып, жеңімпаздар фотосессияға қатысты. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Қорғаныс министрлігі.