04 Сәуір, 2016

Солтүстік Қазақстан әкімінің орынбасары тағайындалды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-04-2016-naznochenieПЕТРОПАВЛ. 4 сәуір. Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Антон Федяев тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Антон Владимирович Федяев 1968 жылы Петропавл қаласында туған. Мәскеу энергетика институтын инженер-жылу физигі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы № 2 жылу электр орталығында бастаған. 2008 жылға дейін турбинаның аға машинисі, ауысым бастығы, бас инженердің орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бері облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жетекшілік еткен. Өмір Есқали. Дерек, сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.