04 Сәуір, 2016

Ақмола облысында 3 айда 93 қылмыс анықталды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-04-2016-kylmysАҚМОЛА. 4 сәуір. Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі 2015 жылы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қорғауға елеулі үлес қосты. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі «egemen.kz» тілшісіне хабарлады. Өткен жылы «көлеңкелі» экономика саласында (жалған кәсіпкерлік, алкоголь және контрафактілі өнімдердің, мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы, жалған ақша жасау, заңсыз ойын бизнесі, банкроттық) барлығы 357 қылмыс, ағымдағы жылдың өткен мерзімінде 93 қылмыс анықталды. Келтірілен зазал 1 288 106 028 теңгені құраса, өндіріп алынғаны 528 547 228 теңге (немесе 41 пайыз) болып отыр. Сондай-ақ, 74 277 440  теңгенің мүлігіне тыйым салынған. 2015 жылда барлығы өндірісте 652 қылмыстық іс болды, 276 қылмыстық іс өндіріспен аяқталды. Еліміздің экономикасына орасан үлкен зиян келтіруші жалған кәсіпкерлік саласы арқылы ақша ағымы заңсыз айналымға өтетіні белгілі. Сол үшін салық бағытындағы бірнеше құрылымдармен бірлескен, тиімді қарым-қатынас нәтижесінде 2015 жылда 21 қылмыс, 2016 жылда 9 қылмыс әшкерленді. Сонымен қатар, жедел-іздестіру шаралар нәтижесінде жалған шот-фактураларды әзірлеумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды. Қылмыскерлер жалған шот-фактураларды беру барысында, қылмыс үстенде ұсталды. Бұл топ 5 адамнан тұрды. Қазіргі кезде қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотта қаралуда. Келтірілген залал сомасы 3,6 млдр. теңгеден асады. Экономикалық тергеулер қызметінің міндеті – бизнес бірлестіке кедергі туғызбау, керісінше, жауапсыз кәсіпкерлердің заңсыз іс-әрекеттеріне жол бермеу. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметі.