04 Сәуір, 2016

Иракта жарылыстардан 14 адам қаза тапты

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04.04.2016 irakАСТАНА. 4 сәуір. Ирак аумағындағы бірнеше жарылыстан 14 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, алғашқы жарылыс Ирак астанасы Бағдадтың оңтүстігіндегі Ди-Кар провициясында болды. Бұл жерде 5 әскери адам опат болып, 27 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, белгісіз біреулер кетіп бара жатқан жолдарына жарылғыш зат орнатқан. Reuters агенттігі осыған дейін мерт болғандардың саны 20 адамға жеткенін мәлімдеді. Дәл осы уақытта Садр-эль-Кана аймағында емхана жанында жанкешті өзін өзі жарып жіберді. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 9 тұрғын зардап шекті. Сондай-ақ, Бағдад пен Басра қаласының аралығындағы мейрамханалардың бірінде тағы бір содыр жарылыс ұйымдастырып, 4 бейбіт адам мерт болды және 20 адам жарақат алды. Әзірге лаңкестік шабуылдарды ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: ТАСС.