31 Наурыз, 2016

Көшпелі экскурсия

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тұңғыш Президентінің МузейіКеше ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Әскери полиция мамандарын даярлау орталығында «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі», «Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті жинағынан қарулар коллекциясы» атты көшпелі экскурсиялары көш жалғады. Көрмеге келушілер бірегей топтамалармен, ондағы құнды жәдігерлермен жақыннан көріп танысуға мүмкіндік алды. Отанға қызмет ету – әрбір азаматтың құр­метті парызы. Алайда, әскери адам­­дардың түрлі мәдени мекемелерге барып, мұн­дай қы­зықты экспонаттарды тамашалауға мүм­кіндіктері бола бермейді. Мұны ескере отырып, «» келушілер үшін сирек жәдігерлерді, суық қарулардың түр-түрін көрсетілімге қойды. Аталған шара аясында «Қазақ­стан Республикасы Тұңғыш Президенті Му­­­зейі­нің жинағындағы қа­рулар кол­лекциясы» экспозициясы бо­йынша көш­пелі экскурсия адамзаттың әлеуметтік тарихындағы ежелгі қару сый­лау дәс­түрімен, әлемге әйгілі Құ­ба­шы жә­не Зла­тоуст қару-жарақ шеберлерінің туын­дыларымен таныс­тырды. Сондай-ақ, «Елбасы мәртебесі – ел мәр­­тебесі» экспозициясы бойынша ұйым­дастырылған көшпелі экскурсия әлемнің көп­теген елдеріндегі мемлекеттік наградалармен марапатталу жүйесін кеңінен таныс­тырды. Шара барысында бірегей материалдар кешені, оның ішінде фотосурет, бейнематериалдар және ең негізгісі – «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің» қор жинағындағы жәдігерлер ұсынылды. Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».