31 Наурыз, 2016

Мақсат – көліктік-логистикалық жүйені дамыту

315 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
GUS_1361Қазақстан, Ресей және Беларусь теміржолдарының басшылары Бірлескен көліктік-логистикалық компания (БКЛК) моделін дамыту жайын уағдаласты. Мәскеуде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин, «Ресей теміржолдары» ААҚ президенті Олег Белозеров және «Беларусь теміржолының» бастығы Владимир Морозов кездесу барысында БКЛК-ны дамыту жайын талқылады. Тараптар компанияның 2015 жылы атқарған жұмысын қоры­тындылап, биылғы жыл басынан бергі жұмысы мен «БКЛК» АҚ-тың даму болашағын қарастырды. Компания басшылары «БКЛК» АҚ операциялық модулінің негізгі тәртіптерін реттеуді, оның ішінде Ресей Федера­циясы, Қазақстан Рес­пуб­ликасы, Бела­русь Республикасы арасын­дағы темір­жол шекарасындағы серік­тес­тік аясын кеңейту жайын келісті. «БКЛК» АҚ контейнерлік ба­ғытының негізі болып табылатын Достық/Алтынкөл –Брест және кері қарайғы бағыты мен басқа да қосымша маршруттар тараптар жобаларының дамуына сәйкес бекітіледі. Тараптар өздерінің еншілес компаниялары мен қарамағындағы кәсіпорындардың барлығын бірыңғай тариф саясатымен қамту, сондай-ақ, Еуразия аумағындағы нарықтағы жүк тасымалдаушылардың да бірегей саясат ұстануын қолдады. «БКЛК» АҚ жаңғыртылған операциялық моделі нарықтық жағдайдың талабына орай қызмет құнын төмендету мен сапалық деңгейін көтеру мақсатында жылжымалы құрамдар мен ло­гис­тикалық компанияларды сырттан тартуға рұқсат береді. «БКЛК» АҚ – біз үшін ықпалдастық алаңы. Тап осындай модель бар­лығымызға да бастапқыдағы жос­парларымызды тең құқықтық негізде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 2015 жылы «БКЛК» АҚ-тың жүк тасымалы көлемі артты. Биылғы жылы одан да өсіре тү­суді көздеп отырмыз», – деп атап өтті «РТЖ» ААҚ президенті. Ол кездесу барысында қа­ты­сушыларға Ресей үкіметінің «БКЛК» АҚ аясында атқарылып жат­қан жұмыстардан хабардар екен­дігін, соған орай «РТЖ» АҚ-тың стратегиялық мақсаттағы ауқымды жобамен жұ­мысын жалғастыруын қолдап отырғандығын жеткізді. «Жаңа модель контейнерлік та­сымалдың дамуына ықпал етеді. Ол қазіргідей аймақтағы тауар айналымы төмендеп, экс­порт­тық-импорттық тасымал азай­ған тұста транзиттік тасымал­дау­дан қосымша табыс табуға мүм­кіндік береді», – деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин. Өз кезегінде Беларусь те­міржолының басшысы Вла­ди­мир Морозов: «Бүгінгі таңда кон­тейнерлік тасымалдау сегменті бірден-бір өсім беріп келе жатқан тұс. БКЛК жобасы біз үшін өте маңызды. Ол біздің теміржол әкімшіліктерімізге транзиттік тасымалдау көлемін арттырып, қосымша жүктерді тартуға да ынталандырады», – деп атап өтті. Сөйтіп, үш елдің теміржол ком­панияларының басшылары «БКЛК» АҚ-тың 2025 жылға дейінгі бизнес-жоспарын жасау мен акционерлік келісімдерді түзуге уағдаласты. Сондай-ақ, «БКЛК» АҚ ак­цио­нерлерінің жалпы жиналысы өткізілді. Онда АҚ-тың бұған дейін бірінші вице-президенті қыз­метін атқарған Алексей Гром бірау­ыздан жаңа президент болып сайланды. Сонымен қатар, жаңа­дан директорлар кеңесі мен компанияның басқарма құрамы жасақталды. * * * «Бірлескен көліктік-логис­ти­калық компания» АҚ 2012 жылғы мамырдың 31-інде Біртұтас эко­номикалық кеңістіктің көліктік-логистикалық жүйесін дамыту жөніндегі меморандумға және 2013 жылғы 29 мамырдағы Жо­ғары Еуразиялық эконо­микалық кеңестің шешіміне сәйкес, 2014 жылғы қарашаның 13-інде Еуразиялық экономикалық одақтың – Қазақстан, Ресей, Бела­русь теміржолдары әкім­ші­лік­терінің өзара келісім­шарттарына орай құрылған болатын. «БКЛК» АҚ-тың жарғылық қоры 39,7 млрд. рубльді құрайды. Компанияның құрылтайшылары «Ресей теміржолдары» ААҚ (99,84%), «Беларусь теміржолы» МК (0,08%) және «Қазақстан те­мір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ (0,08%) болып табылады. «БКЛК» АҚ-тың 2015 жылғы тасы­мал көлемі 48,3 мың TEU-ге жет­кізілді. 2016 жылы бұл көрсет­кішті 70 пайызға арттырып, 80 мың TEU-ге жеткізу көзде­ліп отыр. Сәулебек БІРЖАН.