31 Наурыз, 2016

Жаңа үлгідегі көше шамдары

505 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
DSC_4260жарықтандыруға жұмсалатын энергияны 60 пайызға үнемдейді Өңір басшысы Даниал Ахметов пен Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкман Шығыс Қазақстан облысындағы екі жобаны қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. Қос жобаның жалпы құны 7,7 миллиард теңгені құрайды. Оның басым бөлігі Еуропа қайта құру және даму банкінің қаржысы. Сондай-ақ, Үкімет гранты мен жергілікті бюджет қаражатының да үлесі бар. Несие қаржысы аталған банктің берген қарызының мөлшерінде ғана қайтарылмақ. Несиені құю мерзімі 10 жылға есептелген. Осы қаржы арқылы Өскемен мен Семей қалаларындағы көше шамдары қуат үнемдейтін жоғары технологиялы шамдарға ауыстырылмақ. Қос жоба көшелерді жарықтандыруға жұмсалатын шығынды 60 пайызға дейін азайтады деп күтілуде. Облыс орталығы мен Семей қалаларындағы көшелердің қазіргі жарықтандыру жүйесі энергияны жұмсау жағынан аса тиімді емес. Басым бөлігінің тозығы жеткен. Осыған орай, облыс әкімдігі Еуропа қайта құру және даму банкімен бірге қос қала көшелерін жарықтандыруды жаңғырту жобасын қолға алды. Жоба бойынша жаңғырту жұмыстары барысында электр шамдарының бағандарына дейін толық ауыстырылып, жаңа ті­ректер орнату, жекелеген тран­с­­­форматорлық подстансаларды са­тып алу жұмыстары жүзеге асырылады. Сонымен бірге, орта­лықтандырылған басқару пункті және жүйені бақылауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету құрылымы енгізілмек. Облыс әкімдігі хабарлағандай, аталған жобаларды жүзеге асыру бір жылда Өскемен қаласында – 40,7 миллион, Семей қаласында 30,8 миллион теңге қаражатты үнемдеуге жол ашады. – Біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Нұрлы Жол» бағдарламасын орындау аясындағы бюджет ресурстарынан бөлек Еуропа қайта құру және даму банкінің немесе кез келген басқа да әлемдік институт қызметімен байланысты қаржы көздерімен жұмыс істеудеміз. Және қазіргі әлеуетімізді толығы­мен жүзеге асырудамыз. 22 миллиард – бұл жұмыстың бас­тауы ғана. Облыста ондаған жылдар бойы шешімін таппаған күрделі мәселелер бар. Мәселен, Бұқтырма су қоймасымен өтетін көпір өткелінің құрылысы. Жақын арада аталған инфрақұрылымның құрылысы басталатынына сенім­дімін, – деді Даниал Ахметов. Өз кезегінде Джанет Хэк­ман барлық жобалардың энергия­лық тиімділікті арттыруға бағыт­талғанын, бұл Қазақстанның «жасыл экономиканы» дамыту мақса­тымен үндес екенін атап өтті. Айта кетелік, 2015 жылдың желтоқсан айында Семей қала­сын­дағы сумен қамту және су желілері жүйесін жаңғырту бойынша 11 миллиард теңге көлемінде несиелік келісімге қол қойылған еді. Қазіргі кезде Өскеменде Еуропа қайта құру және даму банкінің кеңсесі жұмыс істейді. Банк шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын несиелендіруде. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». ӨСКЕМЕН.