26 Наурыз, 2016

Достық дастарқаны

236 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
DSC_1174жайылып, татулық пен бірліктің бастауына айналған Ұлыстың ұлы күні өзгеше кейіпте атап өтілді Ақтың молаятын, тіршіліктің жаңаратын, көңілдің кеңитін, береке мен бірлікке, тазалық пен мейірімділікке, шаттық пен қуа­нышқа жетелейтін әз Наурыз мерекесіне Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырдағы жарқын белестері мен жасам­паздықтың жарқын жолдары арқау етілді. Жыл басын тойлауға арналған кешенді жоспар шеңберінде 350-ден астам қоғамдық-мәдени шаралар қамтылып, «Қош келдің, мерейлі Наурыз!» театрландырылған-хо­реографиялық қойылыммен бас­талды. Оның соңы көпшіліктің қосылуымен «Қара жорға» биіне ұласты. Жиналғандар назарына «Сегіз Сері», «Сладкая ягода», «Есіл әуендері», «Славянка», «Қы­зыл­жар», «Балқадиша» секіл­ді өңірге танымал халықтық, фольклорлық ансамбльдер мен вокалдық топтардың концерттік бағдарламасы ұсынылды. Солтүстікқазақстандықтарға арнаған құт­тық­­тау сөзінде аймақ басшысы Ерік Сұлта­нов барша жұртты табиғаттың қайта түлеуі мен жаңаруының тамаша мезгілімен құттықтап, көк­темдей көгілдір көңіл, кең риясыз өмір тіледі. «Достық» үйі алдында этно­мәдени бірлес­тіктердің дайындауымен ұзындығы 25 метрлік «Достық» дастарқаны жайылып, Нау­рыз көже, ұлттық тағамдар таратылды. Орталық алаңда «Бауырсақ-фэст» акциясы, киімдер дефилесі, отбасылық ойын-сауықтар, спорт­тық жарыстар, этноауыл мен қол­өнер бұйымдары көрмесі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр рәсімдері ұйым­дасты­рылып, ұлттық құндылықтар барынша насихатталды. «Жарайсыңдар, әжелер!» бай­қауында Аль­фера Абдрахиева бірінші орынды жеңіп алса, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қа­зақстан облыстарынан 12 ақын қатысқан ай­мақаралық сөз сайысында петропавлдық Жар­қын Жұпархан топ жарды. Ақшаңқан киіз үйлер конкурсында гран-при Айыртау ауданына бұйырды. Ал мемлекеттік мекемелер арасында облыстық ішкі істер департаментінің мерейі үстем болды. Осы күні бірқатар әлеуметтік нысандар ашылып, пайдалануға берілді. Қызылжар өңірінде үш күн бойы тойланған Ұлыстың ұлы күнінде адамдар бір-біріне Отанның тыныштығын, елдің амандығын тілеп, ауа райының жылуын жақсылыққа жорыды. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы.