19 Наурыз, 2016

Оралда жазушы Роллан Сейсенбаевпен кездесу кеші өтті

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-03-2016-OralОРАЛ. 19 наурыз. Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында белгілі жазушы, драматург, аудармашы, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Роллан Сейсенбаевпен «Ұлыларды ұлықтаған тұлға» атты кездесу кеші өтті. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Шара барысында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен басылған бірқатар кітап оқырмандарға таныстырылды. Олардың қатарында Махамбеттің «Айналайын Ақ Жайық», Жұбан Молдағалиевтің «Кісен ашқан», Қадыр Мырза Әлидің «Көкпар», Қайрат Жұмағалиевтің «Кие», Ақұштап Бақтыгерееваның «Қайран қарлығаштар-ай» атты кітаптары бар. Жазушы Роллан Сейсенбаев қазақ әдебиетінің алыптары жөнінде тебірене сөз қозғап, олардың мұраларын көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізудің, таланттарды тірісінде қадірлеп, таңдаулы шығармаларын тек Қазақстан ғана емес, сонымен қатар шет елдерде де шығарудың маңыздылығын атап көрсетті. «Мұхтар Әуезов қандай ұлы жазушы болса, кешегі өткен Әбіш Кекілбаев та сондай деңгейдегі тұлға. Сол сияқты Қадыр Мырза Әлиді біз кеңінен насихаттап, құрметтей білуге тиістіміз. Осы орайда ақын атындағы орталық киелі орынға айналуы керек. Мұндай орталық әзірге елде жоқ. Сондықтан барды қадірлеп, озық дүниелерімізді көрсете білейік», – деді жазушы. Темір Құсайын. Дерек, сурет: inform.kz.