19 Наурыз, 2016

Түркияда тағы да жарылыс болды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-03-2016 turkishАСТАНА. 19 наурыз. Түркияның Адана қаласында жұмадан сенбіге қараған түні 4 мәрте жарылыс болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Алдын ала болжам бойынша, терактының салдарынан бірнеше адам мерт болды. Әзірге олардың саны туралы нақты ақпарат жоқ. Куәгерлердің айтуынша, жарылғыш заттарға толы жүк көлігі өртенген. Террорлық әрекеттің қаупінен Анкара, Ыстамбұл сияқты мемлекеттің шығысындағы ірі қалаларда Наурыз мейрамы тойланбайтын болды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, атышулы лаңкестік ұйымдар мереке күндері шабуыл жасауы мүмкін. Айта кетейік, 13 наурыз күні Түркияның астанасы Анкара қаласында жолаушылар автобусы мен бірнеше көлік жарылып, 37 адам қаза тапқан. Сондай-ақ, 125 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: topnews.ru.