19 Наурыз, 2016

Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 61 адам қаза тапты

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-03-2016 rostovАСТАНА. 19 наурыз. Ресейдің Дондағы Ростов қаласында Boeing 738 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ұшақ бортында 55 жолаушы, 6 экипаж мүшесі болған. Апат кезінде бәрі қаза тапты. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиға ауа райының қолайсыздығынан немесе экипаж қателігінен болуы мүмкін. Айта кетейік, Boeing 738 ұшағы Дубайдан бағыт алған. Дондағы Ростов қаласындағы әуежайға қонар кезде апатқа ұшырады. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: РИА «Новости».