19 Наурыз, 2016

Ашық әңгіме

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының байқаушылар миссиясы өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Төраға орынбасары ТүркПА Бас хатшысы Жандос Асанов, Түр­киядағы Ұлы Ұлттық Жина­лы­сының депутаты Халюк Ипек, Эркан Айдын, Әзербайжан Милли Меджилисінің депутаты Низами Жафаров, Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаты Абылкайыр Ұзақбаев және тағы да басқа миссия өкілдерімен кездесуде 20 наурызда өтетін кезектен тыс сайлаудың Қазақстан халқы үшін маңызы зор, ерекше саяси шара екенін атап өтті. «Қазақстан қазір жаңғыру кезеңге аяқ басты. Біз әлемдегі күрделі ахуал жағдайында жаңа реформа өткізу арқылы еліміздегі бірлікті, тұрақтылықты сақтауға алдын ала қадам жасаудамыз», – деді А.Бейсенбаев. «Мемлекетіміздің алдында тұрған жоғары мақсат-міндеттерді орындауда, ең алдымен, сапалы заң шығару қызметін атқара алатын білікті әрі тәжірибелі ел қалаулыларына үлкен үміт артылатынын» айтқан А.Бей­сен­баев: «Біз сайлауды ашық және демократиялық сайлаудың жал­пыға танымал халықаралық қағи­даттарына сай өткізуге ұмтыламыз. Сондықтан да, біз сайлауға халықаралық байқаушылардың барынша кеңінен және белсенді қаты­суларын құптаймыз. Байқау­шылардың жұмысына қолайлы жағдай жасалатын болады. Алдағы сайлауға баға беруде сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен әділ әрі бейтараптылықтарыңызға сенім артамыз», – деді.