19 Наурыз, 2016

Орталық сайлау комиссиясында

351 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
ЦИККеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирза-Ұлықбек Абдусаломовпен кездесті. Қазақстан Ортсайлаукомының басшысы Қ.Тұрғанқұлов әріптесі М.Абдусаломовты Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Мәжілі­сінің депутаттарын және мәсли­хаттарының депутаттарын сайлау науқаны барысымен таныс­тырды. «Сайлау науқаны «тіке­лей мәреге» шықты. Бүгін үгіт ке­зеңі аяқталады, ертең «тыныштық күні». Бұқаралық ақпарат құрал­дарына жүргізілген, сонымен қатар, халықаралық байқау­шылар миссиялары да жүргізетін мониторинг қорытындылары ОСК сая­си партияларға заңда кепілдік берілген БАҚ-тарға тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз ете алғанын көрсетті», – деп атап өтті Қ.Тұрғанқұлов. Ал М.Абдусаломов өзара әң­гіме барысында Қазақстан Рес­публикасының Орталық сайлау комиссиясы үлкен ұйым­дас­тырушылық жұмыс атқарғанын атай келіп: «Сайлау науқаны­ның барлық кезеңдерін өте жақ­сы ақпараттық қамтамасыз ету элек­тораттық үдерістің транспа­рент­тігін арттыруға септеседі және заңнама нормаларын қатаң сақтай отырып, сайлауды жоға­ры демократиялық деңгейде өт­кізуге мүмкіндік береді», – деді. Өзбекстан Республикасының Ортсайлауком басшысы, сондай-ақ, ағымдағы сайлау науқанының ойдағыдай аяқталуына және қорытындыларын шығаруда табыс тіледі. Кездесу соңында Қ.Тұрғанқұлов екі елдің электораттық үдерістерінің дамуы туралы тәжірибемен және ақпаратпен алмасу мақсатында алдағы уақыттағы өзара қарым-қатынасқа сенім білдірді. Кездесуге, сондай-ақ, Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметінің басшысы Н.Нурматов, Өзбекстан Республикасы Олий Мажилисінің заң шығарушы Палатасының мүшесі О.Джумаев, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Т.Охлопкова қатысты. Кеше, сондай-ақ, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Орталық сайлау ко­мис­сиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов пен Лат­вия Республикасы Орталық сай­лау комиссиясының төрағасы Ар­нис Цимдарстің кездесуі болды. Ортсайлауком басшысы лат­вия­лық әріптесін Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Мәжілі­сінің депутаттарын және мәсли­хат­тарының депутаттарын сайлау­ды әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұмыстармен таныстырды. Мәселені талқылау барысында кездесуге қатысушылар сайлау науқанының партиялық тізімдерді ұсынуға және тіркеуге, сайлауалды үгітті жүргізу шарттарына, дауыс беруді ұйымдастыру, дауыстарды санау және сайлауды қорытындылау тәртібіне қатысты жекелеген сәттеріне, сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутатты сайлау ерекшеліктеріне тоқталды. А.Цимдарс шақыруға және сайлау науқанының барысына толық шолу жасауға мүмкіндік жасағаны үшін алғысын білдіріп, өз тарапынан байқаушылар өздерінің өкілеттіктерін әділ және шынайы жүзеге асыратындарын атап өтті. «Біздің көзқарасымызша, сайлауға дайындық тыныш және іскерлік жағдайда өтуде», – деді ол. Ал Қ.Тұрғанқұлов А.Цимдарсқа қазақстандық сайлауға танытқан шынайы қызығушылығына және сайлау үдерісін одан әрі жетілдіру саласында пікір және тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ризашылығын білдірді. * * * Кеше Қазақстан Респуб­лика­сы Орталық сайлау комиссия­сы төрағасының орынбасары Владимир Фоос Корея Респуб­ликасы Ұлттық сайлау комис­сиясының өкілдерімен кездесті. В.Фоос Корея делегациясының мүшелерін Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі науқан барысымен таныстырып, делегация мүшелерінің сайлау заңнамасына және сайлаудың түрлі кезеңдеріне қатысты сұрақтарына жауап қайтарды. Кездесуге қатысушылар, сондай-ақ, электораттық үдерістерді қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар саласында ықтимал ынтымақтастықтың мәселелерін де талқылады. Ал делегация жетекшісі Лим Чай Мэн: «Қазақстан Республикасы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан көптеген байқаушылар шақырды. Бұл Қазақстанның сайлауды ашық және айқын өткізуін көрсетеді. Бұл – сіздердің мемлекеттеріңіздің сенімділігінің куәсі», – деп атап өтті. * * * Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комис­сия­- сының мүшесі Марат Сәр­сембаев Ұлыбритания мен Сол­түстік Ирландия Құрама Корольдігінен халықаралық байқаушылар делегациясының мүшелері Король адвокаты, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Жоғарғы соты судьясының әкімшілік істері жөніндегі орынбасары Джеймс Томас Левиспен және «Integrative Media LLP» бас атқарушы директоры Алан Джонс Спенспен кездесті. Кездесу барысында Орт­сай­лауком мүшесі М.Сәрсембаев пен Левис Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауды байқау жөніндегі шетелдік миссиялардың өзара іс-әрекеттерінің мәселелері жөнінде, халықаралық байқаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы, шетелдегі Қазақстан аза­мат­тарының дауыс беру тәртібі, дауыс беруді ұйымдастыру рәсімдері жөнінде пікір алмасты. М.Сәрсембаев бай­қау­шы­лардың сайлау науқанының бары­сына қатысты қажетті ақпа­ратты алатынын атап өтті. «Орта­лық сайлау комиссиясы мен бай­қаушылардың мүдделері ұқсас. Біз сайлаудың ашық және де­мо­кратиялық сайлаудың жалпыға та­нымал халықаралық қағидаттарына сәйкес өтуіне ұмтыламыз», – деді М.Сәрсембаев. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».