19 Наурыз, 2016

Елбасы кітабына – ерекше сыйлық

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
книга Назарбаева«Тамаша адамдар өмірі» сериясымен шыққан «Нұрсұлтан Назарбаев». Өмірбаян жалғасуда» өмірбаяндық басылымы Ресейдің «2015 жылғы ең үздік кітаптар мен басылымдар» Ұлттық сыйлығына ие болды. Өмірбаяндық еңбектің ав­тор­лары – Еу­ра­зиялық эко­но­ми­калық комис­сияның энерге­тика және ин­фра­құрылым жө­нін­дегі алқасының мүшесі, сая­си ғы­лымдар докторы Тайыр Мансұров пен Қазақстан Жа­зушылар одағы басқармасының хат­шысы, «Прос­тор» әдеби жур­налының бас редакторы Валерий Михайлов. Кітап былтырғы жылдың қараша айында жарық көріп, оның тұсаукесері Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінде 2016 жылдың қаңтар айында өткен болатын. Мұндай кітаптарға берілетін сыйлық Орыс биография институты, «Литературная газета», Ресей мемлекеттік кітапханасы мен «Орден» Мәдени-ағарту орталығы тарапынан 2000 жылы тағайындалған болатын. «Егемен-ақпарат».