19 Наурыз, 2016

Ұлы Дала өнегесі

820 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін
DSC_0621Өткенге көз салсақ, Еуразия даласын ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты Ғұн мемлекетінің негізін қалаған Мөде қаған, тұтас Еуро­паны Рим езгісінен азат етіп, Батыс тарихында «құтқарушы» деген атқа ие болған атышулы ғұн қолбасшысы Еділ патша, исі түркі халықтарының басын біріктіріп, іргелі ел еткен Бумын, Елтеріс-Құтлық, Елетміш қағандардың байтақ тарихымызда алатын орны ерекше. Үш ғасыр бойы салтанат құрған Түркі қағанаты заманында халық дәріптеп осы үшеуіне ғана «Ел ханы» деген атақ берген. Бұлардың қай-қайсысы да халқының бағына туып, сол жолда саналы ғұмырын сарп еткен, көне заманнан бүгінгі ұрпаққа тағылымы жеткен тұлғалар. Халқымыз Қазақстан Республи­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назар­баевты Елбасы деп атайды. Бұл – халықтың жүрегінен, ықы­ла­­сынан, шын пейілінен, риза­шы­­лы­ғынан шыққан сөз. Елбасы – бү­гінде елдігіміздің символы, бір­­лі­гі­міздің алтын арқауы, тұтас­ты­ғы­мыздың, абыройлы ел болған­ды­ғымыздың белгісі. 25 жыл бұ­рын тарихымызда тұңғыш рет толық тәуел­сіздікке қол жеткіздік. Мем­ле­кет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» а??? тты Жол­дауында: «Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қа­сиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамы­ған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру» деді. Түркілер бүкіл тарих бойынша үлкенді-кішілі 110 мемлекет құрған екен. Ал түркі тарихында төрт ға­сырға жуық және одан көп уақыт өмір сүрген мемлекеттердің саны – төртеу. Солардың бірі де бірегейі   іргетасын 1465 жылы Жәнібек пен Керей хан құрған және соңғы ханы Кенесары Қасымұлының дүние салуымен 382 жылдық билігі аяқ­талған – Қазақ хандығы. Түркі мем­лекеттері ішінде ең ұзақ билік құрған бірінші мемлекет – 623 жыл өмір сүрген Осман империясы, екінші мемлекет 420 жыл өмір сүрген Бұхара хандығы, үшіншісі 408 жыл өмір сүрген Хиуа хандығы. Түркі бірлестігі туралы Л.Н.Гу­милев: «Еуразия құрлығы үш рет біріктірілді. Алғашында оны Ұлы Түркі қағанатын құрған көне түрік­тер біріктірді. Түріктерден кейін Шыңғыс хан бастаған моң­ғол­дар, кейіннен Ресей өз қолына ал­ды», деген болатын. Міне, осылай, Л.Н.Гумилев Еуразия құр­лы­ғы­­ның бірлігі, мәңгілігі туралы ойын көне түріктерден бастай­ды. 1457 жылы Сығанақ қаласының түбіндегі Көке Кесене деген жерде Әбілқайыр ханның қалмақ би­леушісі Үз Темір тайшыдан жеңілуі бұл хандықта күйреу кезеңінің бас­талғандығын көрсетті. Оған Кер­ей мен Жәнібек сұлтандар бас­таған ордаежендік тайпалардың бөлініп кетуі дәлел бола алады. Де­рек­терге назар аударсақ, Керей мен Жәнібек бастаған ру-тайпалар Сы­ғанақ түбіндегі шайқастан кейін Әбіл­қайыр ханның қаһарынан қорқып, сол­ жылдың күз айының соңын­да дәстүрлі қыстауларына бар­май, Шу өзенінің бойына келе­ді. Мұхаммед Хайдар Дулати «Есен­бұ­­ға хан олар­д­ы құрметпен қарсы алып, қо­ныс­тануға Моғол­стан­ның б­а­­тыс жа­ғын­дағы Шу өзені алқа­бын­­дағы Қозы­басыны берді», деп айтады. Енді осы географиялық атауларды карта бойынша анықтасақ, он­да Керей мен Жәнібектің Есенбұға хан­нан алған аймағының шекарасы – Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауы мен Шудың төменгі ағы­сы бойындағы алқаптар арқылы, ба­тысы – Талас өзенінен, шығыста  Іле өзеніне дейінгі, ал оңтүстікте – Іле Алатауының солтүстік тау жоталары мен қыраттары арқылы өткен. Археолог Мадияр Елеуұлының жариялаған аңыздарының бірінде қазақ сұлтандары бұл жерге «қара күзде» келді десе, ал екіншісінде «қыс түсе» деп көрсете отырып, Керей­дің хан болып сайлануы жөнін­де былай делінеді: «Сырдың бойынан тышқан жылы қара күз­де бір түмен елмен ауа көшкен аға­йынды Керей мен Жәнібек сұл­тандар қыс түсе Мойынқұмға же­тіп­ті. Құмды қыстап шыққан қалың ел көктемде Тұлпарсазда Керейді ақ киізге көтеріп, хан сайлап, өздерін «қазақ» деп атапты». Тұлпарсаз – Шу өзенінің жа­ға­­лауын­­дағы саз. Әбілқайыр ханнан бө­лініп, жүректерінде азаттық пен бос­тандықтың жалыны жанған елін ерткен олар асқан ақылды, са­­ли­қалы саясат жүргізе отырып, Шу мен Таластың алқабында хан­­дық­тың алғашқы туын тігіп, қазақ­тар­дың ел болып еңсемізді көтерсек деген тілегін жүзеге асырады. Осын­дай тарихи оқиғаның бастауы болған шежіреге толы бұл өңір­дің, тауы мен тасы, әр­бір басқан жері аңыз бен өткен кезең­дер­ден сыр шертеді. Талас пен Шу өзен­дері­нің аңғарлары ерте за­ман­нан түрік­терге құтты қоныс, жайлы мекен болған. 1991 жылға дейін жүр­гізілген археологиялық зерт­теулердің нәтижесінде бұл өңір­де ортағасырлық қалалар мен елді мекендердің саны 143-ке жеткен. Тарихы терең Тараз өңірінде 1465-1466 жылдары іргесін көтерген қазақ хандығы Орталық Азиядағы бі­рін­­­­ші ұлттық мемлекет, оның ең басты маңызы бұл хандықты құр­­­ған ұлт – қазақ халқы бүгінде өмір­шең­дігімен көрініп отырған жұрт. Қазақ халқы хандықты құрып қана қойған жоқ, оны ғасырлар өте әлем халқы та­ны­ған мықты елдер қа­тары­на қосу­ға қазіргі уақытта еңбек етуде. XVIII ғасырда Қазақ хандығы­ның басын қосып, Қытайдың билі­гінен аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік Мәңгілік Ел идеясын жандандырушы тұлға­ның ерлігі. Ел басына түскен үл­кен қиыншылықтан Абылай хан елді біріктіріп, жұмылдырып, со­ның арқасында Қазақ елін аман сақ­тап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға болса, жаңалығы желмен жарысқан ХХІ ғасырда «Мәңгілік Ел» идеясын мүлдем жаңа сипатта жаңғыртып жал­­ғастырушы сарабдал саясат­кер Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев екендігін мақтанышпен айтуға болады. ХХ ғасырда Кеңес Одағы­ның өзі бір ғасырға жетпей, 74 жылда құлағанын ескергенде бір мемлекеттің төрт ғасыр өмір сүруі­нің қандай үлкен жетістік екендігі нақтылана түседі. Қазақ хандығы өмір сүрген уақытымен емес, сонымен қатар, ұлан-ғайыр жерді ғасыр­лар бойы қорғап қалуымен де ерек­шеленеді. Бұл өз кезегінде Қазақ хандығының әлемде өзіндік орны бар ұлы мемлекет екенін әйгілейді. Ұлттық тәуелсіздік, тәуелсіз мем­лекеттілік – біздің ғасырларға созыл­ған асыл арманымыз. Осы тұрғыдан келгенде, мемлекеттік тәуел­сіздігіміз – теңдесі жоқ жетіс­ті­гі­міз. Қолымыз жеткен мемлекет­тік Тәуелсіздіктен кейінгі келесі Ұлы арманымыз – Мәңгілік Ел. Елба­сының Ұлы арманы – Қазақ елі­нің Мәңгі Ел болып жасай беруі. Нұрсұлтан Әбішұлының Мәңгілік Елді Жеті қазынаның біріншісі етіп атағаны да сондықтан. «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVІІ съезінде Елбасымыз айтып кеткендей, біздің ортақ мүд­деміз – тұрақты, біртұтас және өр­кендеген Қазақстан құру, Мәң­гілік Ел болу. Бірлік арқылы тұрақ­ты­лық­қа, тұрақтылық арқылы жа­сам­­паздыққа жол бастау – біздің ай­нымас қағидамыз. Тарих бір орын­­да тұрмайды, талай апатты жағ­­дай­лардан, қиян-кескі ұрыс­тар мен жаугершілік, отарлық қыс­­пақ­тар және ашаршылық пен қу­ғын-сүргін нәтижесінде орын ал­ған демографиялық күйзелістен ұлттық қасиетін жоғалтпай шыға алған қазақ халқы өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Ендігі жердегі міндет әлемдік өркениеттер төріндегі өз ор­ны­мызды табу. Бұған жетудің негізі баршаға ортақ Мәңгілік Ел идея­сы төңірегінде топтасу. Мәңгілік Ел дегенді — мемлекеттің ға­сыр­­лар тоғысында, ірі держава­лар арасындағы бәсекелестікке төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Уақыт бір орында тұрмайды, талай апатты жағдайлардан, қиян-кескі ұрыстар мен жаугершілік, отарлық қыспақтар және ашаршылық пен қуғын-сүргін салдарынан орын алған демографиялық күйзелістен ұлттық қасиетін жоғалтпай шыға алған қазақ халқы өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Ендігі жердегі міндет – әлемдік өркениеттер төріндегі өз орнымызды табу. Бұған жетудің негізі – баршаға ортақ Мәңгілік Ел идеясы төңірегінде топтасу. Мәңгілік Ел дегенді мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасындағы бәсекелестікке төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Мәңгілік Ел, Мәңгілік мемлекет, Мәңгілік халық… Адамзат та­ри­хында қаншама мемлекет осы мәңгілікті аңсады. Тарихтың түр­лі кезеңдерінде замандарын дүр сілкіндірген империялар өздері салтанат құрып тұрған мемлекеттердегі саяси-экономикалық, мәдени жетіс­тіктеріне масаттанып, елдері­нің мәңгі жасайтынына шүбәсіз сенді. Біздің дәуірге дейінгі төрт мың жыл бойы ежелгі Қос өзен бойын­да мемлекеттер пайда болып, гүл­денуі­мен қатар, тарих сахнасынан кетіп, бір-бірін ауыстырып жат­қан. Сол кезеңдегі Шумер мен Аккад­тың, Вавилон мен Урартудың өз за­манында сапырылысқан тір­ші­ліктерін баяндайтын жазу кесек­тері қалды. Ислам әлеміндегі сан­сыз империялардың орнын бас­қан, суы тартылған көлшіктей ұсақ, бытыраңқы мемлекеттер де кезін­де мәңгілікті армандаған. Бұл мемлекеттердің билеушілерінің аты-жөніне «Шығыс пен Батыстың әмір­шісі», «Дін мен сенімнің тірегі», «Алланың жердегі көлеңкесі» деген астамшыл титулдар қоса жазылатын еді. Міне, бұл мемлекеттер бы­ты­раң­қылық пен алауыздық ба­сым бол­ғандықтан Мәңгілік Ел бола алмады. Тәуелсіздік – біздің ғасырларға созылған асыл арманымыз, теңдесі жоқ жетістігіміз. Ендігі мақсатымыз – Мәңгілік Ел. Егемендіктің елең-алаң шағында Елбасы: «Күшіміз – жауапкершілікте. Бірлігіміз – әралуан­дықта. Еркіндігіміз – келі­сімде. Абы­ройымыз – игілікте. Қауіп­­­сіз­­ді­гі­міз – ашықтықта. Тәуел­­­с­із­­­­дігі­­міз – серіктестікте. Бола­­­ша­­­ғы­­мыз – бүгінде», деп айт­қан бо­лат­ын. Сол кезеңде Мем­лекет бас­­шысы халқымыздың дүние­­та­­ны­мы­ның түпкі мәнін тап басып, оның ең асыл қасиеттеріне жү­гін­ді. Бүгінде бұл құндылықтар бізді алға сүйрейтін шамшырақ іспеттес. Президент алға қойған зияткер­лік реформасының тағы бір ұтым­ды тұсы – болашағы біртұтас ұлт­ты, яғни Қазақстанды одан әрі дамытуда қоғамды «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы төңірегінде топтастыру әдісі. Елдің өркендеуі мен тәуелсіздігі, азаматтық тең­дік, еңбексүйгіштік, қоғамдық келі­сім мен ұлттық бірлік, әділдік, заңның басымдығы, отбасы және дәстүрлер – бұл құндылықтардың бәрі мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің тұғырлы іргетасы екені сөзсіз. Елбасы бес халықтық реформаның ішінде тарих­тың жаңа белесінде ұлттың бір­лігін нығайтуды да тілге тиек етті. Мемлекет басшысы айтқан­дай, біздің қоғамымыздың көп­түрлілігі – біздің күшіміз. Барлық азамат құқығы да, жауапкершілігі де тең және түрлі мүмкіндіктерге бірдей қол жеткізуі тиіс. Біздің қо­ғамымыз неғұрлым қуатты жә­не біртұтас бола отырып, тари­хи тұр­ғыда көп тілді және мә­де­ни ор­та­да қалып­тасты. Бірлігі мық­ты, і­р­ге­сі бүтін елдің қашанда ырыз­ды­ғы мол. Татулықтан асқан құн­ды­лық жоқ. Бүгінде еліміз осынау баға жетпес байлығымен мақтана алады. Елбасының сөзімен айтсақ, Көк түріктер мен Алтын Орданың айбарын айтпағанда, Қазақ хан­ды­ғы – біздің елдігіміздің түп-тамы­ры. Тәуелсіз Қазақстан халқы­мыз­­дың азаттық жолындағы сан ға­сыр­­лық арманын ақиқатқа айналдырды. Мемлекет басшысы: «Мен – өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын» деген болатын. Қандай да болсын ауқымды да, келелі жалпы халықтық істерді орындау кім көрінгеннің қолынан келе бермесі ақиқат. Ол үшін халықты ұйыс­тырып, ұлы мақсаттарға жете­лейтін патриоттық, ұлттық идея керек екені, күмәнсіз шын­дық. Бүгінгі жаһандану дәуі­рінде «Мәңгілік Ел» идеясы бағзы түркі­лік тектік-болмысымыздың, асыл тұр­па­тымыздың заманауи қай­та жаң­­ғыруының, озық, қуат­ты ел болып гүлде­нуінің кепілі. Осы ақиқ­ат біздің баршамызды бір мақ­сат, бір мүдде жолында Ел­басының төңірегіне бірі­гіп қызмет етуге жетелейді дегім ке­леді. Ауызбірлік пен түсі­ністік, қа­ра­пайым сыйластық үстемдік құр­ған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан этнос­тар тұтастығы мен достығының ар­қасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазақстанның көпэтносты халқы­ның татулығы, ын­ты­мақ­­тастығы, бейбітшілігі – біздің елі­­міздің ең басты байлығы. Дария ҚОЖАМЖАРОВА, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылым­дары­ның докторы, профессор. ТАРАЗ.