19 Наурыз, 2016

Салалық жәрмеңке бос жұмыс орындарын ұсынды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазіргі кезде, әсіресе, жас­тар жұмыс табу орайында қиын­шы­лықтарға кездесіп жататыны бар. Мамандарға жұмыс берушілер тарапынан барған сайын жаңа талаптар қойылуда. Атап айтқанда, бәсекеге қабілеттілік, кәсібилік, еңбек ұжымына бейімделе білу, айналасындағы адамдармен тіл табысуы және басқа қабілет-қасиеттер жұмыс іздеушіге ауадай қажет екендігі жасырын емес. Сондықтан, түлектердің еңбекке орналасу проблемасы өте өзекті бола түсуде. Жоғары оқу орындарының студенттері мен бітірушілері үшін бос жұмыс орындарының жәр­меңкелерін ұйымдастырып өткізу осы мәселенің оңынан шешілуіне көмектесіп те жүр. Жақында «Қазақстан-2020: болашаққа жол» жастар саясаты аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде техникалық саладағы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкені Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Аталмыш жәрмеңкеде талапта­нушыларға жұмыс орындарының 200-ден астам вакансиясы ұсы­нылды. Жұмыс берушілер іздену­ші­лерге бос жұмыс орындары жайын­да жан-жақты мәліметтер беріп, ол жұмыстың ерекшеліктері мен шарттарына назар аударды, өздерінің мекемелері туралы әңгімеледі. Жәрмеңке бейресми достық рәуіштегі жылы шырайлы жағ­дайда өтті. Әрбір ізденуші өзін қызықтырған сұрағына толық жауап алып, өзінің еңбекке орналасу орнын қалауынша таңдау мүмкіндігіне ие болды. Ізденушілер үшін – лайықты жұмыс табуға, ал мекемелердің өкіл­деріне – білікті кадрлар таң­дауға көмектесетін осын­дай жәр­­меңкелердің маңызы зор екен­дігін атап өтуіміз керек. Бұл жәр­меңкеге 42 кәсіпорынның өкілдері қатысты. Назар ҚАСЫМ.