14 Наурыз, 2016

Түркияда лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 37 адамға жетті

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-03-2016 ankaraАСТАНА. 14 наурыз. Түркияның астанасы Анкара қаласындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 37 адамға жетті. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Лаңкестік оқиғадан 125 адам түрлі деңгейде дене жарақатын алып, ауруханаларға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, 15 адамның жағдайы тым ауыр. Олар қазіргі кезде жансақтау бөлімінде жатыр. «Өкінішке орай, бүгін тағы үш отандасымыздан айрылдық. Ақ халаттылар қолдарынан келгенінің бәрін жасады. Бірақ аман алып қала алмады», –­ дейді Түркияның денсаулық сақтау министрі Мехмет Мюэззиноғлы. Айта кетейік, жарылыс өткен жексенбі күні, яғни 13 наурызда Анкараның орталығы Гювен саябағына жақын жердегі автобус аялдамасында болды. Оқиға орнында бірнеше жолаушылар автобусы мен жеңіл көліктер жарылды. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: РИА «Новости».