14 Наурыз, 2016

Қызылордада футзалдан жарыс өтті

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
????ҚЫЗЫЛОРДА. 14 наурыз. 12-13 наурыз күндері Қызылорда қаласында футзалдан жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске түсіруге арналған республикалық турнир өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Биыл 20-шы мәрте ұйымдастырылған турнирге Байқоңыр, Алматы қаласы, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 28 команда, 400-ден аса спортшы қатысып, үздіктер анықталды. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша «Олимп -Версаль» командасы бірінші орынды иеленді. Олар финалда оңтүстікқазақстандық «JTI Қазақстан» командасын ұтты. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан жеңімпаз пенальтиде анықталып, есеп 4:2 болды. Үшінші орынды қызылордалық «Азамат» командасы, төртінші орынды алматылық «Энергоколледж» командалары иеленді. Жарыста «Үздік қорғаушы» номинациясымен Нұрлан Дайрабаев («Азамат» командасы) марапатталса, Ғалым Қосмұхаметов («Олимп-Версаль» командасы) «Үздік қақпашы», Андрей Шлема («JTI Қазақстан» командасы) «Үздік шабуылшы», Әсет Меңліқожа («Олимп-Версаль» командасы) «Мерген ойыншы», Дәурен Тұрсағұлов («Энергоколледж» командасы) «Үздік ойыншы» атағына ие болды. Турнирде бірінші орынға автокөлік тігілді. Ал екінші орынға 300 мың теңге, үшінші орынға 200 мың теңге, төртінші орынға 100 мың теңге, бағалы сыйлықтар, медальдар және алғыс хаттар берілді. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz    
Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше