14 Наурыз, 2016

Қарағандыда жалған хабарлама берген күдікті ұсталды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-03-2016 terrorismҚАРАҒАНДЫ. 14 наурыз. Қарағанды облысында дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы жалған хабарлама берген күдікті қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі іштер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Күдікті Абай аудандық ішкі істер бөліміне телефон соғып, Алматыға кетіп бара жатқан бір ер адамның сөмкесінде жарылғыш зат бар деп хабарлаған. Полиция қызметкерлері секем тудырған жолаушыны Қарағандының темір жол вокзалында ұстады. Алайда тексеру барысында ер адамның сөмкесінен ешқандай да жарылғыш зат табылмады. Есесіне, вокзал ғимаратынан 245 адам сыртқа шығарылды. Сол күні тәртіп сақшылары телефон арқылы жалған мәлімет берген күдіктіні қолға түсірді. Ол өзінің мас күйіндегі бұл әрекетіне әйеліне деген қызғаныштың түрткі болғанын айтып, ақталған. Қазіргі кезде күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша («Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы жалған хабарлама беру») қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облыстық ішкі іштер департаментінің баспасөз қызметі. Сурет: news.bigmir.net.