14 Наурыз, 2016

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-03-2016-tumanАСТАНА. 14 наурыз. Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей аймақтарда жауын-шашын, таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауып, бұрқасын, көктайғақ, тұман болады күтілуде. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Желдің күші секундына 15-20 метрге дейін барады. Ал Алакөл аймағындағы желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барса, екпіні 25 метрге дейін күшейеді деп күтілуде. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің күші секундына 15-20 метрге дейін барады. Оңтүстік Қазақстан облысында да желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін барады деп күтіледі. Ал Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман түсуі ықтимал. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-22 метрге дейін барады. Павлодар, қаласында да күндіз тұман, көктайғақ болады, басым бөлігінде жел соғып, 17-22 метрге дейін барады деген болжам жасалды. Аян Әбдуәли. Дерек: Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Сурет: egemen.kz.