12 Наурыз, 2016

Елімізде сот-құқықтық реформа сәтті жүргізілуде

617 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
НурбековМарат Нұрбеков – еліміздің әділет, сот жүйесіндегі белгілі есім. Сонау Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары заң шығарушылық саласында белсенді қызмет атқарған білікті заңгер. Ол бүгінгі күні зейнет дем­алы­сын­да. Уақытында Әділет министрінің орынбасары, бірнеше облыстық соттың төрағасы қызметтерін атқарған Қазақстанның құрметті заңгері Марат Нұрбекұлымен сұхбатымыз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы сот-құқықтық реформа барысы туралы әңгімемен басталды. – 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Рес­пуб­ликасының «Қазақстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік Тәуел­сіздігі туралы» Конституциялық заңы қабыл­данды. Қазақ елінің Мем­лекеттік Тәуелсіздікке қолы жетті. Сол бір ауыр кезеңдерде ел­дің экономи­касы күннен-күн­ге құл­­­ды­рау үстінде еді. Ал бү­кіл заңна­ма­­лары­мыз Тәуелсіз елі­­міздің мақ­сат-мүддесіне сәй­кес келмеді. Осын­­дай өтпелі қиын кезеңде, жаңа мем­лекет құру­дың бар ауырт­па­лы­ғын, жауапкершілігін Елбасы Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев көтерді. «Жаңа мемлекеттің Консти­ту­циясы да, нышандары мен рә­міздері де болған жоқ. Біз­дің бүкіл заңнамамыз басқа идео­логияға, басқа елге, басқа мақсаттарға ла­йық­талған еді», – деді Президент Н.Ә.Назарбаев ел Тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде. Экономиканы, ішкі-сыртқы сая­­­­сатымызды, әлеуметтік жағдай­ды уа­­қыт талабына сәйкестендіру үшін заң­намаларымызды «ақ па­рақ­­тан» бастауымызға тура келді. Сон­­дық­тан, Әділет министрлігіне де­ген талап күшейді, жұмыс та көбей­ді. Республикамыздың эко­но­­ми­­ка, әлеуметтік жағдай, қор­ға­­ныс, ішкі-сыртқы қауіпсіздік, инф­ра­құрылым, т.б., салалардағы да­йын­далған заң жобаларына сарап­­­тама өткізу – Әділет ми­нистр­­лігі­­нің алдына қойылған жаңа талап еді. Осының бәрі және құқық қор­­ғау органдарының міндеттерін нақ­­ты­лау, құқық жүйе­­сін реформалау Пре­­­зи­­денті­міз Нұрсұлтан На­зар­­­баев­­­тың көре­гендігі арқасын­да өз ше­­шім­­дерін уақтылы тауып отырды. Әділет министрлігінің жұмы­­сын уақыт талабына сәйкес­тендіру үшін, Елбасының заң сала­сындағы, құқықтық рефор­маға байланысты тапсырмаларын орындау үшін 1993 жылы Нағашыбай Шәй­кенов­тің Әділет министрі болып таға­йындалуы оған артылған үлкен сенім еді. Елбасы бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің ішінде бірін­ші болып «Қазақстан Респуб­лика­сындағы құқық реформасының мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қаулыға қол қойды, құқықтық реформаны қабылдады. Бұл дегеніңіз, «аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттердің бірі, белгіленіп отырған барлық қоғамдық өзгерістердің ойдағыдай іске асуы да соны шешуге байла­нысты болады», делінген онда. Осы кезеңдері Әділет ми­нистр­­лігі жанынан «Ұлттық заң агент­тігін», заң әдебиеті баспасы және апталық заң газеттерін ашу, «Заң ғылыми-зерттеу институтын» құру, ведомстволық норматив­тік-актілерді тіркеу мәселелері шешілді. Айтуға оңай болғанымен, мұ­­ның бәрі бұрын болмаған жас мемлекетімізге өте қажет жаңа үдерістер еді. Ал экономикалық қатынастар, меншіктің даму жолы, өндірістегі заңсыз әрекеттер заң тұрғысынан өз шешімін табуы керек болды. Ал маман заңгерлердің ішінде халықаралық заңнамалар түгіл, ішкі заңнамаларды дайындауды білетін маман жоқтың қасы еді. Осының бәрі әділет саласындағы жүргізілген реформалардың ал­ды болды. Олай дейтінім, 1995 жы­лы тамыз айының 30-ы күні рес­публикалық референдумда Қазақ­стан Республикасының Конс­­­ти­туциясы қабылданды. Конс­­­титу­ция – экономикадағы, мем­­­ле­кетті басқарудағы, әлеумет­тік са­ладағы, азаматтардың негізгі құ­қық­тарын қорғаудағы басты жетіс­тігіміз. Жоғарыда аталған «Қазақстан Республикасындағы құқық рефор­масының мемлекеттік бағдар­ламасы туралы» Қаулы сот жү­йесін одан әрі дамытудың басым бағыттарын белгілеп берді. Демократиялық құқықтық мем­­лекеттің жұмыс істеуін қамта­масыз етудің бірден-бір шарты ретінде судьялардың дербестігі мен тәуел­сіздігінің кепілдігін күшейту ре­фор­маның негізгі мақсаты болды. 1995 жылғы Конституция, сол жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлыққа сәйкес Президент жергілікті соттарды тағайындаса, Жоғарғы Соттың судьяларын Пар­ламент Сенаты тағайындады. Төр­е­лік сот таратылды. Судьялар ал­ғаш­қы рет тұрақты мерзімге тағайын­далды. Жоғары Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы құрылды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары сот жүйесінде жүргізілген реформалардың алды осындай еді. Елбасы Әділет органдары, сот төрелігін атқарудағы түбегейлі өзгерістерсіз экономикадағы өзгерістерді тұрақтандыру мүмкін еместігін білді. – Есіңізде болса, 1998 жылы «Егемен Қазақстанда» «Мұны бүгін мен айтпағанмен, ертең бәрі­бір басқа біреу айтар еді» деген тақырыпта сұхбатыңыз жа­рия­­ланған болатын. Сот са­ла­сын­дағы кемшіліктер мен шара­сыздықтар туралы айтқан әңгі­ме­ңіз сол кезеңде қоғамды дүр сіл­кін­дірді. Сіздің бұлай ашына, ашу­ла­на айтуыңызға не себеп болды? – Жаңа Конституция және «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлыққа сәйкес Жоғар­ғы Сот құрамы, барлық жер­гілікті сот жүйесі бекітіліп, судьялар тағайындалды. Сот органдарына, судьяға деген талап күшейтілді. Соған қарамай кейбір судьялардың, жекелеген аудан-қалалық сот төрағалары тарапынан лауазымдық міндеттерін атқаруда немқұрайлылық, уақыт талабын толық түсінбеушілік байқалды. Мен ол кезде Алматы облыстық сотының төрағасы едім, сонда жіберілген кемшіліктерді өз сана-сезіміммен қабылдай ал­май айтқан пікірім еді. Бұл 1997 жыл­дың қорытындысынан туын­даған, ішіме сыймаған ойлар болатын. – Марат Нұрбекұлы, сол кездері сот атқарушы биліктің құзырында болатын. Яғни, Әділет министрлігіне тәуелді болды. Тәуелсіз сот жүйесін құру – уақыт талабы болса да, оған қарсы болған заңгерлер қауымы да болды емес пе? – Ондай пікірлер болды. Қалай дегенмен, Одақ тұсынан сот Әділет министрлігіне тәуелді болды: кадр мәселесін іріктеу, соттардың материалдық жағдайы, ғимаратпен, көлікпен қамтамасыз ету, еңбек ақысы, сот статистикасы, сот тағайындауын өткізу сияқ­ты басқа да мәселелер. Әділет министрлігінің сот ісінде тек сот төре­лігін атқаруға араласуға «құ­қығы болмады». Конституциямызды қабылда­ғаннан кейін де жағдай солай болды. «Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және конституция мен заңға ғана бағынады» деген Конституциялық талап бірден кейбір заңгерлердің, атқарушы билік басындағы азаматтардың санасынан өз орнын таба алмады. Ол аз болса, кейбір судьялар өзінен жоғары тұрған ла­уазым иелеріне сот төрелігін ат­қару­дағы өз құқығын айтудан именді. – Елбасы Н.Назарбаев «Аза­мат­тық сот ісін жүргізуді жаң­­ғырту қажет. Азаматтық істер­ді қарау тәртібі процестің тараптары үшін ыңғайлы және тез, оларды бітістіруге және зама­науи технологияны кең қол­дануға бағы­т­талуы тиіс», деген бола­тын. Елбасы тапсырмасы орын­­далып, 2015 жылдың 31 қаза­нында Азаматтық про­цестік кодекс қабылданды. Осы­ған бай­ла­нысты сіздің пікі­ріңіз қандай? – Елімізде тұңғыш рет заң­ға қол қою рәсімі жария­лы түрде жүр­гізілді. Жаңа заң аза­маттардың және заңды тұлға­лар­дың конс­титуциялық құқықтарын, бос­тан­дықтары мен заңды мүд­делерін сотта тиімді қорғау, дауларды қарау мен шешудің тиімділігін арттыру, сот актілерінің сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Жаңартылған Азаматтық процестік кодекс «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында айқындалған шараларды іске асыруға мүмкіндік береді. Негізгі әзірлеушісі Жо­ғар­­ғы Сот болып табылатын ж­а­­ңар­­тылған заңда азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері мен қағи­­далары жаңа талаптармен толықтырылған. Кодексті әзірлеу кезінде шет мемлекеттердің заң­на­малары зерделеніп, жекелеген нормалары назарға алынған. Сондықтан, жаңартылған кодекс­тің артықшылықтары көзге көрі­ніп тұр. Мұнда заңның үстем­дігі жоғары қойылған. Жаңа Аза­маттық процестік кодекс аза­маттардың және заңды тұл­ға­лардың дауларының тез және сөзбұйдалыққа салынбай шешілуі­не мүмкіндік береді. Аталған кодекс еліміздің сот жүйесін реформалауға арнал­ған басымдықтар қатарында инвестициялық даулар бойынша инвесторлар қатысатын дауларды қарау тәртібін нақтылады. Сонымен қатар, 2016 жылдан бас­тап сот саласына үміткерлерге талап күшейді, судьялыққа үміт­керлер міндетті түрде арнайы сынақтардан өтіп, бір жыл, одан кейін бес жыл сынау мерзімдерінен мүдірмей өтсе, тұрақты судья бола­ды. Осы заңнамалардың ішін­де абыроймен отставкаға шыққан, зейнет жасына келген судьяларға өмір бойғы төленетін ай сайынғы қамтылым бекітілді. Елбасымыздың өлшеусіз еңбегінің арқасында, халқының қолдап, ерекше қадірлей білуінің негізінде ширек ғасыр Тәуелсіздігіміздің туы желбіреп, дүниежүзіне Қазақ елін паш етіп тұр. Мемлекет басшысы сот жүйесі­нің қалыптасуына, дамуына, судьялардың материалдық және әлеуметтік қамсыздандырылуын жоғары дәрежеге көтеру мәселе­леріне үнемі көңіл бөліп отыра­ды. Тәуелсіздік жылдары судьялардың алты съезі өтіпті. Сол съездердің барлығына Елбасы өзі қатысып, соттардың жұмысына баға беріп, судьялардың материалдық-әлеу­меттік жағдайын жақсарту іс-шаралары туралы айтып, жұмыс­тарының бағыттарын айқын­дап беріп отырады. Балаларым өсті, немерелерім­нің алды отбасын құрып, шөбере сүй­гізді. Менің өзіме, отбасыма не керек? Әрине, тұрақтылық, ты­ныш­тық. Ендеше, Тәуелсіздікке ие бол­ған жиырма бесінші жыл соның бәріне кепіл болып отырған Елбасы емес пе?! – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Шарафаддин ӘМІРОВ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.
Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше