12 Наурыз, 2016

Ұлт мұрасын ұлықтағандар

277 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
D4S_0210Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақ ұлттық географиялық қоғамының 2015 жылғы қызмет қорытындыларына және 2016 жылға арналған жоспарларына қатысты баспасөз мәслихаты болып өтті. Аталған брифингке Қазақ ұлттық географиялық қоға­мының басқарушы кеңесінің төрағасы Қанат Байғарин, «Тарихи-мәдени мұра, этно­графия» тақырыптық кеңесі­нің вице-президенті Жәкен Таймағамбетов, ҚҰГҚ дирек­торының ғылыми және ха­лықаралық жобалар жөніндегі орынбасары Сәулет Сәкенов, ҚҰГҚ «Шоқан Уәлихановтың керуен жолымен» экспе­ди­циясының жетекшісі, география ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Физи­калық және экономикалық география кафедрасының профессоры Орденбек Мәзбаев қа­тысты. Қоғамдық бірлестіктің не­гізі 2013 жылы Премьер-Ми­нистр Кәрім Мәсімовтың қол­дауымен құрылған болатын. Оның қызмет шеңберінде 5 та­қырыптық кеңес жұмыс істейді. Олар, «География, климат», «Қоршаған орта, табиғи ресурстар», «Биоәртүрліліктер», «Туризм, саяхаттар, өлкетану» және «Тарихи-мәдени мұра, этнография». Қазіргі таңда бір­­лестіктің Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақ­стан, Қарағанды, Қостанай, Маң­ғыстау, Павлодар, Солтүстік Қа­зақстан, Оңтүстік Қазақстан об­лыстарында 10 өкілдігі өз қыз­меттерін жоғары деңгейде атқаруда. – Өткен 2015 жыл Қазақ ұлттық географиялық қоғамы үшін айтулы оқиғалармен есте қалды. Дәлірек айтсақ, Испания географтар ассоциациясымен, Ар­­­гентина географиялық зерт­­­­теулер қоғамымен, Әзер­байжан географиялық қоғамымен ын­­ты­мақтастық туралы мемо­ран­думдарға қол қойылып, тақы­рыптық кеңес­тер мен өңірлік өкілдік­тері­нің әрқайсысының қызмет шеңберінде 20 жоба іске асы­рылған болатын. Атап айтар болсақ, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Ұлы­таудағы «Хан Қорық» жастар фестивалі, Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуын атап өту шеңберіндегі іс-шаралар, Қашғарияға ғылыми-танымдық экспедиция нәтижелері бойынша «Ұлы Шоқанның керуен жолымен» кітабының шығуы, Қазақстанның оқу орындарына жасыл кеңсе қағидаларын ендіру, Ұлытау ұлттық табиғи резер­ватын жасау, «Іле атырауы­ның қамыс жұмағы» жобасы және т.б. бар. Сонымен бір­ге, өткен жылдың еншісіне енгі­зілген негізгі жобалардың қатарына мыналарды да қосып қойсаңыз болады. Олар, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнал­ған Солтүстік Тянь-Шань бойымен тау жорығы, Павлодар қаласындағы «Ертіс күні» мере­кесі, Ресейдің Орынбор облысы мен Батыс Қазақстан облысы аумақтарындағы Шаған өзені бассейнін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу экспедициясы бар, – деді төраға Қанат Бай­ға­рин. Жиынға қатысушылар осы жылға да үлкен жоспар құ­­­ры­лып отырғанын айтып, оның бірнешеуін атап көр­сет­ті: Ұлытау мен Аралға және Солтүстік Қазақстан облыс­та­рының өзен­деріне экспедиция жасау, ОҚО-да «Хан Қорық» жастар фестивалін өт­кізу, мүмкіндігі шектеулі адам­дар үшін Іле Алатауының ал­ғашқы қолжетімді туристік соқпағын жасау, Ұлытау бойынша туристік жол көрсеткіш, Баянауыл туристік карта-схе­масын шығару аталмыш жос­пардың алдыңғы қатарында тұрғанын естеріңізге саламыз. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан».