12 Наурыз, 2016

Сынақ

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1-49Талдықорған қаласы маңында орналасқан авиациялық базада жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес оқу-жаттығу ұшулары ұйымдастырылды. Сыналар сәтте сыр бермеуге барын салып баққан жас ұшқыштар жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Олардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруларына жан-жақты жағдай жасаған ұстаз-нұсқаушылар шәкірттерінің шеберлігін шыңдап қана қомай, дендерінің сау, көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуына да айрықша на­зар аударғанын атап өткеніміз орынды. Аспандағы аса қиын емтиханды ойдағыдай еңсерген оғландар қатарында аға лейтенант Жасұлан Шүрменов те бар. Ол Су-30 СМ ұшағын ұршықша үйіріп, өзінің алғашқы самғауын абыроймен аяқтады. Заманауи техниканы зеңгір көкте қалауынша заулатқан қанатты азамат аңсаған арманына қол жеткізгендей қуанышы қойнына сыймай жерге қонды. «Қияға құштар қырандай менің әріптестерім әрдайым биіктерді бағындыруға талпынары талассыз. Бізге білгендерін үйретуден жалықпайтын командирлеріміз де соған тілектес. Сондықтан, алдағы уақыттарда өзімнің кәсіби біліктілігімді арттырып, таңдаған ма­мандығымның тарланы атануға аян­бай күш салмақпын», деді сайып­қыран сарбаз ағынан жарылып. 2012 жылы Әуе қорғанысы күш­терінің әскери институтын тәмам­даған Жасұланның жасындай жар­қылдап, көздеген мақсатына көп кешікпей жететініне сенім мол. «Егемен-ақпарат».