07 Наурыз, 2016

Қазақтың атақты палуаны Әбілсейіт Айханов қайтыс болды

777 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-03-2016-paluan 01АСТАНА. 7 наурыз. Қазақ спорты орны толмас қазаға ұшырады. Кеше, 6 наурыз күні қазақтың атақты палуаны Әбілсейіт Айханов 78 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әбілсейіт Рүстемұлы Айханов 1938 жылы 15 сәуірде Алматы облысында (бұрынғы Талдықорған облысы) туған. Еркін күрестен ауыр және жартылай ауыр салмақта белдескен ол 1958-1969 жылдар аралығында Қазақстан чемпионатын 11 рет жеңіп алды. Сондай-ақ, КСРО халықтары спартакиадасының және КСРО чемпионы (1963 ж.), КСРО Кубогының иегері (1970 ж.). 1958 жылы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған палуан 1968 жылы КСРО-ның «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген Әбілсейіт Айханов Қазақстанда спорт саласының дамуына да өлшеусіз үлес қосқан маман. Дене тәрбиесі теориясының профессоры шәкірт тәрбиелеуде де өзіндік із қалдырды. Әлемнің 50-ден астам елінде оның құрметіне КСРО гимні шырқалды. Сондай-ақ, Айхановтың есімі үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведьті жеңген палуан ретінде де тарихта жазулы тұр. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: facebook.com.