05 Наурыз, 2016

Дэвис Кубогы. Жұптық сайыста Қазақстан Сербияны жеңді (фото)

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-03-2016-tennis 02АСТАНА. 5 наурыз. Бүгін Белград қаласында теннистен Дэвис Кубогының 1/8 финалы шеңберінде Қазақстан мен Сербия теннисшілері жұптық сайыста сынға түсті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған матчта корт иелері сапынан әлемнің нөмірі бірінші ракеткасы Новак Джокович пен Ненад Зимонич шықса, Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев Андрей Голубев пен Александр Недовесовке сенім артты. Тартысты ойын нәтижесінде біздің жігіттер қарсыластарын 6:3, 7:6, 7:5 есебімен жеңді. Осылайша, Қазақстан екі күннің қорытындысы бойынша командалық есепте 2:1 есебімен алға шықты. Айта кетейік, кеше болған жекелей сайыста алдымен, кортқа Джокович пен Недовесов шыққан еді. Ол ойында серб теннисшісі жеңді. Ал екінші кездесуде қазақстандық Михаил Кукушкин Виктор Троицкиден басым түсіп, командалық есепте таразы басын теңестірді. Енді ертең қос құрама тағы да жекелей сайыстарда шеберлік байқасады. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: daviscup.com. 05-03-2016-tennis 01 05-03-2016-tennis 03